02
сентябрь
2025
«Мектебім –мейірім мекені»
Білім күніне арналған «Мектебім –мейірім мекені» атты салатанатты жиын өтті. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. Салтанатты шараны мектеп директоры Е.Мусанов ашып, жаңа оқу жылымен құттықтап өтті. Салтанатты жиынға Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы Рысқұл Ұлан Ғалымұлы, ардагерлер арасында қазақ күресінен екі дүркін Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы Қабдолдаева Мақсат Ақатайұлы, мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты. Бүгін мектеп табалдырығын алғаш 45 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Білімге құштар бүлдіршіндер алғаш хат танып, ең үлгілі оқушы болады деп үміт артамыз. Ел болашағынның іргелі болуына болашақта бүгінгі ұрпақтардың өз үлесін қосатынына сеніміз мол. Білім күні құтты болсын!