«Білім беру ұйымдарында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбындағы кездесу анықтамасы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім беру ұйымдарында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбындағы кездесу анықтамасы
24
ноябрь
2026

«Білім беру ұйымдарында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбындағы кездесу анықтамасы

Білім беру мекемелерінде білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің жоғары сынып оқушылары үшін «Білім беру ұйымдарында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты:

• Талдықорған ҚПБ КПБ жедел уәкілі, полиция капитаны 

Ш. Бақытбекұлы;

• Талдықорған ҚПБ ҚҚБ ЮПТ аға учаскелік инспекторы, полиция капитаны Г. Ументаева;

• Талдықорған ҚПБ ҚҚБ ЮПТ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Г. Е. Сәкенова.

Дәріс барысында шақырылған мамандар оқушыларға қылмыс түрлері мен оларды жасағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тақырыпқа сәйкес презентация мен профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.