«Заң мен тәртіп» аясында өткен «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбындағы кездесу туралы ақпарат » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң мен тәртіп» аясында өткен «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбындағы кездесу туралы ақпарат
13
ноябрь
2026

«Заң мен тәртіп» аясында өткен «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбындағы кездесу туралы ақпарат

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ойынға тәуелділіктің алдын алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» бағыты аясында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында құзырлы орган мамандарымен тақырыптық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға компьютерлік және құмар ойындарға тәуелділіктің зияны, оның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, уақытты тиімді пайдалану және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара оқушылардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына, саналы шешім қабылдауына, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануына бағытталды.