«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де «Заң мен тәртіп» аясында өткізілген кездесу ақпараты » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де «Заң мен тәртіп» аясында өткізілген кездесу ақпараты
10
сентябрь
2026

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де «Заң мен тәртіп» аясында өткізілген кездесу ақпараты

Тақырыбы: «AntiDrug Solution Lab – Жастар үні – нақты шешім» атты профилактикалық жұмыстарының инновациялық идеялары алаңы

2026 жылғы 10 қыркүйек күні мектебімізде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен «AntiDrug Solution Lab – Жастар үні – нақты шешім» атты профилактикалық жұмыстарының инновациялық идеялары алаңы форматында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Қатысқан оқушылар саны – 96. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға есірткі заттарының адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал ету.

Кездесуге Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мырзакулов Дастан Маликжановичжәне «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» көпфункционалды орталығының жетекшісі Байденов Жансерік Маратұлыарнайы қатысып, оқушылармен профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге есірткінің зияны, оның адам ағзасына және психологиялық жағдайына кері әсері, есірткі қылмысына тартылудың салдары, заң алдындағы жауапкершілік, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер және күмәнді ұсыныстардан сақтану жолдары туралы ақпарат берді.

Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылды.

Іс-шара соңында оқушыларға «Есірткіге жол жоқ!», «Саналы таңдау – жарқын болашақ!»қағидаттары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Қорытынды:
Іс-шара өз мақсатына жетті. Оқушылар есірткінің алдын алу, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салты бойынша қажетті ақпарат алып, мамандармен еркін пікір алмасты.