«Кәсіптер жәрмеңкесі: менің таңдауым» атты танымдық іс-шараға ақпарат » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәсіптер жәрмеңкесі: менің таңдауым» атты танымдық іс-шараға ақпарат
17
сентябрь
2026

«Кәсіптер жәрмеңкесі: менің таңдауым» атты танымдық іс-шараға ақпарат

Мақсаты:

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, мамандықтар әлемімен таныстыру, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын саралауға және саналы түрде болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.

Іс-шараның мазмұны

25 қыркүйек күні мектебімізде оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталған «Кәсіптер жәрмеңкесі: менің таңдауым» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқушылар мамандықтар әлеміне саяхат жасап, өздерін қызықтыратын кәсіптер туралы ой бөлісті. Түрлі тапсырмалар мен ойындар арқылы әр мамандықтың ерекшелігін танып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын саралады. Бағдарлама аясында мамандықтар әлемімен танысу, қызықты тапсырмалар орындау, кәсіптерді сипаттау және болжау, өз таңдауы туралы ой бөлісу және болашаққа жоспар құру бағыттары бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қорытынды

Әр оқушының бойында белгілі бір қабілет пен қызығушылық бар. Сол мүмкіндікті дұрыс бағыттап, жүрек қалауына сай мамандық таңдау – болашаққа бастар маңызды қадам екендігі атап өтілді. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.