«Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік».
Жиналыстың басты мақсаты – отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайтып, оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігін, денсаулығын және сапалы тәрбие алуы бағытында маңызды мәселелерді талқылау.
Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер:
1.Кіріспе сөз: Мектеп директоры – Мусанов Ернар Жауынбайұлы.
2. Жұқпалы аурулардың алдын алу және профилактикалық тексерудің маңызы: Жалпы практикалық учаскелік дәрігер – Ниязханова Дина Бейбітсовна.
3. Жасөспірім қыздардың денсаулығы және ерте жүктіліктің алдын алудағы ата-ананың рөлі: Гинеколог дәрігер – Бекбосынова Камен Eсимбаевна.
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету: Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің подполковнигі – Манасов Бауыржан Кендебаевич.
5. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың мектепке әкелінуінің алдын алу: Талдықорған ҚПБ ҚҚБ ЮПТ УИ полиция капитаны – Дастан Ушкемпиров.
6. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы ынтымақтастығы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Туйебаева Гүлнұр Үркімбайқызы.
Құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету күзгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және бақылау мақсатында өткен жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
