01
сентябрь
2026
1 қыркүйек – Білім күні
«Еңбек ауылындағы шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 09:00-де мектеп ауласында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Мектеп директоры Е. Мусанов жаңа оқу жылының басталуымен барлық ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ шараға арнайы қатысқан Өтенай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімішесінің басшысы Е.Е. Сағидолда құттықтау сөз сөйледі.
Жиын аясында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушылары салтанатты түрде ортаға шақырылып, оларға арналған арнайы өлең жолдары мен өнерпаздардың орындауындағы әндер ұсынылды. 11-сынып түлектері бүлдіршіндерге ізгі тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Шара соңында «Алғашқы қоңырауға ақ батамен» атты көрініс қойылып, алғашқы қоңырау соғылды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылды.