1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» бірыңғай сынып сағаты өтілгені туралы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» бірыңғай сынып сағаты өтілгені туралы
01
сентябрь
2026

1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» бірыңғай сынып сағаты өтілгені туралы

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»атты бірыңғай сынып сағаты өтті. 

Сынып сағаты барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы мен маңызы, оның қоғамдағы орны және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік берілді. Мемлекеттің негізгі заңының ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен түсіндірілді.

Сынып сағатында оқушылар Конституцияның негізгі қағидалары бойынша өз ойларын ортаға салып, «Адал азамат» ұғымының мәнін ашуға, жауапты әрі зерделі тұлға болудың маңызын түсінуге бағытталған пікірталастарға қатысты. Сонымен қатар, оқушыларға құқықтық мәдениет, заңды құрметтеу, қоғамдық жауапкершілік және ел болашағына үлес қосу мәселелері түсіндірілді.

Сынып сағаты барысында бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Білім алушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін еркін білдірді.

Қорытынды:
 
Бірыңғай сынып сағаты өз мақсатына жетті. Іс-шара білім алушылардың Конституцияға деген құрметін арттырып, құқықтық сауаттылығын жетілдіруге, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және елжандылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.