АПҚО аясында «Мектеп – ата-ана – бала: бірлескен жауапкершілік» тақырыбында өткен мектепішілік жалпы жиналыс туралы ақпарат
Мектебімізде 18-қыркүйек күні АПҚО аясында «Мектеп – ата-ана – бала: бірлескен жауапкершілік»тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – мектеп, ата-ана және бала арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жан- жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің рөлі, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың, буллингтің және кибербуллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Жиналыс қорытындысы бойыншамектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, отбасылық тәрбие мәдениетін қалыптастыру және әр баланың тәрбиесі мен дамуына бірлесіп жауапкершілікпен қарау жөнінде шешім қабылданды.
Аталған жиналыс мектеп, ата-ана және бала арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
1-11 сыныптардан әр сыныптан екі ата-анадан жалпы саны-82 ата-ана қатысты.
