«Заң мен тәртіп» аясында өткізілген іс-шара
2026 жылғы 10 қыркүйек күні мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз маршрут» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Төлеубаев Медеу Ерикович қатысты. Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, бағдаршамның белгілеріне бағыну, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, жол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларға мектепке келу және қайту кезінде қауіпсіз бағытты таңдау, жолдан өту кезінде мұқият болу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру және жолда сақтық шараларын ұстануға тәрбиелеу.
Қорытынды:
«Қауіпсіз маршрут» тақырыбындағы түсіндіру жұмысы өз мақсатына жетті. Оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.
