«Қауіпсіздік, жауапкершілік және жеке шекара» атты іс-шара туралы ақпарат
«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапкершілік сезімін ояту және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шараның мазмұны
2026 жылғы 24 қыркүйек күні Еңбек ауылындағы №22 орта мектепте «Заң мен тәртіп» аясында 9–11 сыныптың 84 оқушысына арналған «Қауіпсіздік, жауапкершілік және жеке шекара» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Кездесу қонағы: Жетісу облысы Дін істер басқарамасының дінтанушы маманы Мүтебаев Қанат Маратұлы.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ жасөспірімдердің жеке шекарасын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, әрбір әрекет үшін жауапкершілікті сезіну мәселелері кеңінен сөз болды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мазмұнды жауаптар алды.
Қорытынды
Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық санасын көтеріп, саналы түрде заң талаптарын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Қатысушылар тақырыптың өзектілігін түсініп, өз ойларын ортаға салды.
