Конкурстар » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
Конкурс нәтижелері
26
январь
2023
Конкурс нәтижелері
2023 жылдың 26.01 күні ҚР Оқу ағарту министрінің 22.12.2022 № 513 бұйрығының негізінде конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырып, 2022-2023 оқу жылына педагогтердің бос лауазымына мамандарды қабылдау конкурсының қорытындысы мынадай нәтиже көрсетті: Ағылшын пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына – 1 кандидат. Дарменбек Диана
«Білім беру ұйымының табысты көшбасшы» байқауында
21
апрель
2022
«Білім беру ұйымының табысты көшбасшы» байқауында
Алматы облысы білім басқармасы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшы» байқауында мектеп директоры Акшолакова Рахила Молдагалиевна Бас жүлдені иеленді.
«Табысты басшы» жобасы аясында
21
апрель
2022
«Табысты басшы» жобасы аясында
«Табысты басшы» жобасы аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Басшыларға арналған белсенді топ шебер-класс алаңының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынға Талдықорған қаласының белсенді тобы ие болды.
«2022 жыл – Балалар жылына» орай «Бақытты бала – болашақ кепілі» мектеп оқушыларының қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
18
апрель
2022
«2022 жыл – Балалар жылына» орай «Бақытты бала – болашақ кепілі»
2022 жылдың 16 сәуір күні «2022 жыл – Балалар жылына» орай «Бақытты бала – болашақ кепілі» мектеп оқушыларының қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Қалалық кезеңге қазақ тілінде 24 команда, орыс тілінде 15 команданы анықтады. Нәтижесінде мектебіміздің «Жалын» командасы ІІІ орын иеленді. Қатысушылар: 9 сынып оқушысы Қажымәлік Лина мен Энлыс Жанель. Жетекшісі: Бөкенова Гүлнәз Жанатқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐💐💐