Оқуға құштар » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кітап – рухани байлық бастауы»
23
апрель
2024
«Кітап – рухани байлық бастауы»
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,  басқа ғылым кереметтерін де кітаптан табамыз.      Мектеп кітапханасында  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап – рухани байлық бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.      Мақсаты: Білім алушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білімнің   пайдасын, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Білімге құштарлығын
«Ғажайып ғарыш әлемі»
12
апрель
2024
«Ғажайып ғарыш әлемі»
   Мектеп кітапханасында  12сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай    « Ғажайып ғарыш әлемі »  атты кітап көрмес і   ұйымдастырылды .     Максаты: Білім алушыларға  ғарыш  әлемі және ғарышкерлер туралы түсінік беру, білімдерін  одан  әрі кеңейту. 
«Мақал–сөздің азығы,  жұмбақ – ойдың қазығы»
05
февраль
2024
«Мақал–сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»
Балалар кітапханасы жобасы аясында  «Мақал–сөздің азығы,   жұмбақ – ойдың қазығы»  атты сайыс 6 «А»,6 «Ә» сынып білім алушыларының қатысуымен  өтті.     Мақсаты:  мақал – мәтел,  жұмбақтар айту арқылы білім алушыларды көркем,  ұтымды сөйлеуге,  қиыннан қиыстыра білуге үйрете отырып, адамгершілікке,  адалдыққа тәрбиелеу.  
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары"
31
январь
2024
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары"
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында  «Қазақ даласының ұлы тұлғалары" атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.     Мақсаты: Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы білім алушылардың  бойына мақтаныш сезімін тудыру,  даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
"Бір ел - бір кітап"
25
январь
2024
"Бір ел - бір кітап"
Мектебімізде   биылғы  2024 жылы   "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жазушы,  балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылғаны барша оқырмандарға насихатталуда.       Аталмыш акция аясында   жыл жазушысының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту мақсатында «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    Осыған орай   Бердібек Со қ па қ баевты ң     «Менің атым Қожа» шығармасының
"Оқуға құштар"
17
январь
2024
"Оқуға құштар"
Мектебімізде "Оқуға құштар"жобасы аясында қаңтар айында "Бастау" бірлестігінің ұйымдастыруыменен Жүсіпбек Аймаутовтың "Ақбілек"романын оқып,оны талдау жұмыстарын коучинг сабақ ретінде өткізді.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
04
январь
2024
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мектеп кітапханасында 2024 жылдың 4 қаңтарында  4  сынып білім алушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық шара өткізілді.   Мақсаты: ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, мазмұны терең асыл  қазына -           мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
"Оқуға құштар мектеп"
06
декабрь
2023
"Оқуға құштар мектеп"
Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында 5а  сынып білім алушылары "Менің атым Қожа" әңгімесін  "стоп кадр" әдісін қолдана отырып, өз пікірлерін жеткізді.   Шара барысында оқушылардың берілген уақыт арасында әңгімені толықтай оқып, мазмұны мен идеясын түсінгендігі көрінді.   Ұйымдастырушылар кітапханашы А  Искакова мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Г.Акбакирова
"Оқуға құштар мектеп"
01
декабрь
2023
"Оқуға құштар мектеп"
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ай сайын мұғалімдер арасында кітап оқу үрдісі қолға алынған.Шара аясында ұжым мүшелері Сайын Мұратбектің "Жусан иісі" атты повесін оқып,оны талдау жұмыстарын коучинг сабақ ретінде өткізді.
«АхметЯссауидің даналық хикметтері »
20
ноябрь
2023
«АхметЯссауидің даналық хикметтері »
Қараша айының 20 күні Сөз сыры  апталығы аясында  Суфизм поэзиясының негізін қалаушы,барлық шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі,ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауийдің туғанына 930 жыл толуына орай «АхметЯссауидің даналық хикметтері »тақырыбында 9-11 сыныптар аралығында байқау өткізілді. Мақсаты:  Білімпаз ғалым,ақын,асқан ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі жайлы мағлұмат беру, «Даналық кітабынан» үзінді оқытып,сақтандырған бес нәрсені