"Ақша жинауға тиым салу" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ақша жинауға тиым салу"
27
апрель
2023

"Ақша жинауға тиым салу"

Құрметті ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! "Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ-нің әкімшілігі  қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында ата-ана мен оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, бітіру кештеріне, бастауыш сыныппен қоштасу, сыныпты безендіруге,табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тиым салынатындығын ескертіп, ата-аналар жиналысын өткізді.
 Сондай-ақ: 
сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу;
-біріңғай киім тіккізіп кию;
-соңғы қоңырауда көлікте серуендеу;
-оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында мейрамханаларда отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау керектігін ескертті. Мұғалімдеріміздің, мектебіміздің абыройын биік ұстау-мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты! Ата-аналар, шәкірттеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі өте маңызды!