«АхметЯссауидің даналық хикметтері » » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АхметЯссауидің даналық хикметтері »
20
ноябрь
2023

«АхметЯссауидің даналық хикметтері »

Қараша айының 20 күні Сөз сыры  апталығы аясында  Суфизм поэзиясының негізін қалаушы,барлық шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі,ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауийдің туғанына 930 жыл толуына орай «АхметЯссауидің даналық хикметтері »тақырыбында 9-11 сыныптар аралығында байқау өткізілді.

Мақсаты: Білімпаз ғалым,ақын,асқан ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі жайлы мағлұмат беру, «Даналық кітабынан» үзінді оқытып,сақтандырған бес нәрсені айту,жаздырту. ә)сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту,өз бетімен ізденуге баулу,ой қорытуға дағдыландыру. б) ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке,адамгершілікке,мейірімділікке үндеу.

Ұйымдастырушылар:қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Ө. Акбакирова, М.К. Оспанова, мектеп кітапханашысы А. Искакова