«Құқық бұзушылықтың алдын алу» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
16
апрель
2024

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»

2024 жылдың 16 сәуір күні жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы Г.Сакенова "Әдеп және құқық жөніндегі ментор» Ж.Баисов ДТІЖО А.Баймұханованың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Г.Сакенова  келесі ауқымды мәселелерге тоқталып өтті: 
- Электро самокаттарды жүргізу барысында қойылатын талаптар мен шектеулер; 
-  Кешкі сағат 22. 00 ден кейінгі уақытта көшеде, көңіл көтеретін орындарда жүру уақытының шектеуі; 
-  Әкімшілік құқықбұзушылық баптары; 
- электронды темекі, насыбай, темекі, алкоголь, спиирттік ішімдіктерінің т.б. психотропты улы заттардың адам ағзасына зияны және қаупі жайында толық мәліметтер беріліп, бейнебаяндар көрсетілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің баптарына тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.