«Жасыма талма, тек қана алға!» тақырыбында жас мамандармен жүргізілген тренинг » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасыма талма, тек қана алға!» тақырыбында жас мамандармен жүргізілген тренинг
06
октябрь
2022

«Жасыма талма, тек қана алға!» тақырыбында жас мамандармен жүргізілген тренинг

2022 жылдың 06 қазан күні мектебіміздің жас мамандарымен «Жасыма талма, тек қана алға!» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді. Мақсаты  өз ісін жаңа қырынан бастаған жас мамандарға көмек көрсете отырып, позитивті ойлауды қалыптастыру

Қатысқаны 6 жас ұстаздар

Жас мамандармен тренингтің барысы таныстырылды. Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.

Жоспары:

  • «Танысу» жаттығуы
  • «Мұғалім болу ...» жаттығуы
  • «Қажеттілік» проективті тест
  • Сұрақ менен, жауап сізден
  • Бейне ролик «Жағымды көзқарас-Өмір ғажайыптарына қуан»
  • Жас мамандарға психологиялық кеңестер
  • «Нұрлы жүрек» жаттығуы қорытындылау

Психологтың қорытынды  сөзі:

      Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса, мектептегі басты тұлға – Мұғалім.

     Ы. Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші сіздердің әрқайсысыңыз мектептің жүрегі бола берулеріңізге тілектеспін. Өздеріңіз таңдаған кәсіби мамандықтарыңызды ары қарай дамытып, жоғарыдан көріне беріңіздер деп, – жүрекше шарды барлық қатысушыларға сыйлай отырып,  тренингті  аяқтайды.