«Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы»
15
март
2023

«Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы»

Математикалық сауаттылық бойынша, «Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы» тақырыбында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ТҚББДОӘО  әдіскері Мырзабековна Айнур Сурапова және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің, математика пәнінде геометриялық фигуралар және олардың классификациясын қолдану  арқылы білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамытудағы тәжірибемен бөлісу.Күтілетін нәтиже: бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесімен танысады.Сабақтарға қатысып, өзара пікір алмасады, ой бөліседі, ұсыныс айтады. Семинардың алғашқы сөзін мектеп директоры  Ляйля Жанатовна Байсова тәжірибе алмасу мақсатында келген қалалық ұстаздар қауымын семинар бағдарламасымен таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Мектеп психологі Н.Кангабылова сәлемдесу жаттығуын өткізіп, жағымды ахуал туғызды. Іс-шара барысында мектептің бастауыш сынып мұғалімдері  Чаймурат Х., Медетбекова М., Тумарбекова Д., Айтқали Қ., Мамбеталиева А.,Қажиякпарова Б., Майлаякова А.,Манапбаева Д.  өз тәжірибесінде қолданып жүрген білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыратын тың идеялармен  бөлісті. #goronotald_ #goroo_tdk #jetysujastary #jasulan_almaobl @goroo_tdk @goronotald_