Оқуға құштар » Страница 5 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
12
сентябрь
2022
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
   «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де   қыркүйек айында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Ө. Акбакирова,  А. Хомпыш және мектеп кітапханашысы А. Искакованың ұйымдастыруымен 6-9 сынып білім алушылары арасында  «Ахмет –ұлт Ұстазы»  атты  поэзия сағаты өтті. Шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырылып, қатысқан оқушылар түгелдей марапатталды.
«Жан еді өлең үшін дара туған» (танымдық сағат)
03
март
2022
«Жан еді өлең үшін дара туған» (танымдық сағат)
Мектеп кітапханасында  қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі     Төлеген   Айбергеновтің   өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман   қауымға     таныстыру арқылы   жас   ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген  сүйіспеншілігін  арттыру,   патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында  танымдық сағат  қазақ тілі мен   қазақ әдебиеті пәні мұғалімі  Г.Акбакировамен бірлесе өткізілді.          Шараға 9 сынып оқушылары қатысты.   
Мектеп кітапханасында   8 наурыз халықаралық  әйелдер күніне орай « Әйел – әлем, Әйел – өмір, Әцел – жыр»  , « Кітаптағы әйел тағдыры» атты кітап көрмесі
01
март
2022
Мектеп кітапханасында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «
        Мектеп кітапханасында   8 наурыз халықаралық  әйелдер күніне орай « Әйел – әлем, Әйел – өмір, Әцел – жыр»  , « Кітаптағы әйел тағдыры» атты кітап көрмесі 
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
24
февраль
2022
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Мектебімізде  кітап мәртебесін көтеру мен  кітап оқуды насихаттау үшін  дәстүрлі түрде «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып келеді.      Акцияның мақсаты - оқушыларды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жас оқырмандарды  кітап оқу үшін  кітапханаға тарту.      Биылғы 2021-2022 оқу жылы  акцияға 50 данаға жуық кітап сыйға тартылды. Шараға қатысушы ұстаздар, ата-аналар   ұрпаққа
Ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай « Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш
09
февраль
2022
Ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «
  Мектебімізе қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай « Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» аттыәдеби сазды кеш өтті. Оқушыларымыз  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетіп, әндерін шырқап, өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды. Ұстаздар қауымы да шараға белсене қатысып, өлеңдерін оқып , ақиық ақынға жыр арнады.
«Мақтан тұтар ұлы тұлға»
25
январь
2022
«Мақтан тұтар ұлы тұлға»
        Мектеп кітапханасында оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев  туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер  тұлғаның халқына сіңірген           еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына           халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу мақсатында            «Мақтан тұтар  ұлы тұлға» атты танымдық сағат 8 сынып оқушыларымен  өткізілді.          
Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл т
26
ноябрь
2021
Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл т
26-қараша күні  музыка пәні мұғалімі А. Макажановамен және сынып жетекшілермен бірлесе «Қазақтың 100 әні» жобасы бойынша  Қазақ   КСРО  халық әртісі , кеңес және қазақ  мемлекетінің музыкатанушысы, композитор , дирижер  Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай 5-6 сынып оқушыларымен танымдық сағат өтті .