Мусанов Ернар Жауынбайұлы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мусанов Ернар Жауынбайұлы
23
август
2023

Мусанов Ернар Жауынбайұлы

ӨМІРБАЯН

     Мен, Мусанов Ернар Жауынбайұлы, 1988 жылы 29 тамызда  Алматы облысы, Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ ауылында дүниеге келдім.                                        Ұлтым - қазақ.

    1994 - 2005 жылдар аралығында Алматы облысы, Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ орта мектебінде 1-11 сыныпты оқыдым. Мектепте оқып жүрген кезде әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстым, сонымен қатар спортпен шұғылдандым.

   2005 - 2009  жылдар аралығында Алматы облысы,  Талдықорған қаласы І.Жансүгіоры атындағы ЖМУ-да педагогика және психология мамандығында оқыдым, университет қабырғасында оқып жүре қоғамдық жұмыстарға да белсене араластым.

  2009 жылдан бастап  Алматы облысы,  Текелі қаласы «№1орта мектеп МДШО» КММ-де педагог-психолог қызметін бастадым. Жұмыстағы белсенді іс-әрекетімнің нәтижесінде 2013 жылдың қыркүйек айынан осы аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2017 жылдың наурыз айынан Текелі қаласының «№5 орта мектеп» КММ-де директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. Бұл қызметте 2023 жылдың 10 тамызына дейін осы лауазымда қызмет істедім. 2023 жылдың 11 тамызынан бастап Талдықорған қаласының Еңбек ауылындағы «№22 орта мектеп» КММ –не директор лауазымына тағайындалдым.

    Әкем Мусанов Жауынбай Қасымұлы жеке жер шаруашылығымен айналысады. Анам Нұғалықова Райкул Қалибекқызы қазіргі уақытта зейнеткер ұстаз. Жұбайым Даутова Динара Абдрасиловна педагог бастауыш сынып мұғалімі. Бес балам бар.

Мекен - жайым: Жетісу облысы, Текелі қаласы, М.Әуезов көшесі № 39 үй,  32 пәтер. Байланыс телефоны: +7 771 -469 -58 -29