Материалы за Сентябрь 2024 года » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2024 года
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17
сентябрь
2024
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17 қыркүйек күні 1-сынып ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп психологі Туйебаева Гүлнұр Үркімбайқызы «Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгерістері  туралы кеңес берді. Тренинг жаттығулар жүргізді.
"Үздік сынып жетекші-2024"
17
сентябрь
2024
"Үздік сынып жетекші-2024"
" Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 қыркүйегінде өткізілген  "Үздік сынып жетекші-2024" байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 8 "А" сынып жетекшісі  Жакбаева Эльмира Кадилетовнаны  жүлделі ІІІ орынымен мектеп директоры арнайы құттықтады.  Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің жағымды жақтарын алып, баланы қоғам қажеттілігіне орай икемделе тәрбиелеуге ат салысудағы еңбегіңізге шығармашылық табыс
«Бауырсақ Paty»
16
сентябрь
2024
«Бауырсақ Paty»
Қазақстан халқы тілдері күніне орай  мектепішілік жоспарға сай  қыркүйек айының 16-сы күні  «Бауырсақ Paty» қызықты сәт ойыныны өткізілді.  Мақсаты:  ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті дамыту.  Іс- шараға оқушылар қызығушылық танытып,  белсене қатысты.  Мақал- мәтелдер мен танымдық тапсырмалардан құралған шараға  8-10  сыныптар қатысты.
«Тілім менің – ғасырларға аманат»
10
сентябрь
2024
«Тілім менің – ғасырларға аманат»
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де    «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты тілдер онкүндігінің аясында 10-қыркүйек күні ұлт Ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың мысал өлеңдерінен сурет көрмесі өтті. Сонымен бірге оқушылар бұл шарада өздері  оқыған өлеңдері бойынша сурет салып , өнерлерін паш етті.
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
06
сентябрь
2024
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
Ағымдағы жаңа оқу жылының 6 қыркүйегі күні мектебімізде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі: 1.2023-2024 оқу жылының жетістіктерінің қорытындысы 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі,формасы 3.2024-2025 оқу жылындағы ыстық тамақты ұйымдастыру 4.Мектептегі стигматизация мен буллингтің алдын алу 5.Жол қауіпсіздігінің алдын алу 6.Тұмаудың алдын-алу.Екпенің маңыздылығы. 7.Әр түрлі мәселелер  Жиналыс барысында сұрақтар қойылып кері байланыс берілді.
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
05
сентябрь
2024
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
2024 жылдың 5 қыркүйегінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Рашитқызы мектебіміздің 9-11сыныптарында сабақ беретін педагогтеріне  ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нұсқаулығымен таныстыру , тіркелу жолдары бойынша  түсіндірме жұмысын жүргізді.  Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
05
сентябрь
2024
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
Мектебімізде 2024 жылдың   5 қыркүйегінде  мемлекеттік тілді дамытуды қолдау аясында 10-11 сынып оқушылары "Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға" тақырыбында диктант жазды. Шараға 55 оқушы қамтылды.
"Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм"
02
сентябрь
2024
"Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.  Жолдауда төмендегідей алдағы 9 жұмыс бағытттарына тоқталды. Білім саласына қатысты бесінші бағытта  Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқандығын, 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі
ЖОЛДАУ – ЕЛДІҢ ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛМАҚ!
02
сентябрь
2024
ЖОЛДАУ – ЕЛДІҢ ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛМАҚ!
ЖОЛДАУ – ЕЛДІҢ ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛМАҚ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауын мектеп директоры Мусанов Ернар Жауынбайұлы  мектеп әкімшілігі тікелей эфирде тыңдады. ✅Жолдауды қолдау — әр адамның міндеті✅
"Біртұтас тәрбие"
02
сентябрь
2024
"Біртұтас тәрбие"
2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.Ойларын жүйелі түде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп олең оқып, мағынасын т.сіне білу дағдыларын дамыту.