"Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм"
02
сентябрь
2024

"Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм"

2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.  Жолдауда төмендегідей алдағы 9 жұмыс бағытттарына тоқталды.
Білім саласына қатысты бесінші бағытта  Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқандығын, 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланғанынан хабардар болдық.
Сонымен қатар,  ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет екендігіне тоқталды.
 Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет екендігін тілге тиек етті. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет дегеніне толықтай қосыламыз.
Біз  Мемлекет басшысының жолдауын қолдай отырып,  ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етеміз.