8 Наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі! » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 8 Наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі!
08
март
2021

8 Наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі!

8 Наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі!
 
 Армысың мейірімді аналарым,
 Мейірбан ашық көңіл даналарым,
 Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
 Құттықтайды сіздерді балаларың.
 Армысың ақжаулықты әжелерім,
 Ақылы дариядай кемеңгерім
 Ардақты аналардың мейрамында
 Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
 
 Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі.
 “Алматы обылы білім басқармасы Талдықорған білім бөлімінің “Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар 
#22 орта мектеп” КММ - сі “Айжұлдыз” шағын орталғының “Балапан” тобының бүлдіршіндері Халықаралық әйелдер күніне орай “Аяулы анашым” атты мерейлі мерекесімен құттықтау үшін бейнеролигін ұсынады