Мектептегі оқу үрдісін жаңартуды іске асырудағы мектеп басшысының рөлі. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі оқу үрдісін жаңартуды іске асырудағы мектеп басшысының рөлі.
08
апрель
2021

Мектептегі оқу үрдісін жаңартуды іске асырудағы мектеп басшысының рөлі.

 Қайырлы  күн,   құрметті секция  жұмысына  қатысушы қонақтар  және әріптестер!
    Мен өзімнің Сіздермен бөлісетін  ойым   мен бүгінгі  жұмысымды  дана халқымыздың: «Ілім-білім мың түрлі. Тоқсан тоғызы әдеп, біреуі-білім. Әдебің болмаса, білімді ұстау қиын»,- деген   сөзімен  бастағым келді.
     Қазіргі   әлемдегі  болып  жатқан қарқынды  өзгерістерге жауап  ретінде әлемдегі бүкіл  елдер өздерінің  білім   беру  жүйелерін қайта  қарауда.   Қазіргі  таңда мектеп  басшылары   үшін  де,  мұғалімдер үшін де  ең басты, маңызды  мәселе   болып  отырғаны: «ХХІ  ғасырда   нені  оқыту  керек?» және «Мұғалімдер  оқушыларды ХХІ ғасырда өмір  сүруге   қалай  дайындайды?».
      Осы сұрақтарға  жауап, іс-тәжірибеге  әлемдік   оқытуды  енгізу.
 Өмір   жолында ұстаздық  қызметті  таңдағаннан кейін,  білім   жүйесіне  өзгеріс  енгізу, жоғарыдағы  сұрақтардың   жауабын  шешу  мақсатында   көп  іздендім. 
 «Егер кімде-кім әлемді  өзгерткісі келсе, ең алдымен өзі, онан соң қасындағыларды өзгеріске  ұшыратуы  тиіс...» деген   Сократтың   сөзін  өмірлік  ұстаным еттім. Сол  ізденістер нәтижесінде:   
  • Озық халықаралық тәжірибеге сәйкес қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мәселелерін талқылау мақсатында 2011 жылы «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Мектепті дамытуды стратегиялық жоспарлау»,  «Жоспарлау, жүйелі және критериалды бағалау үдерістерін жетілдіру» мақсатындағы өзіндік жобаларымды  ұсынып, авторлық бағдарлама жасадым. 
  • 2012 жылы  Назарбаев Зияткерлік  мектебімен бірлесіп, «Оқыту үрдісінің мәселелерін зерттеу» тақырыбында облыстық семинарда  мектептің  даму жоспарын іске асыру  мақсатындағы   әс-тәжірибелермен  бөлістік, нәтижесінде  атаулы  мектеп   Республика көлемінде Назарбаев   зияткерлік  мектептеріне  бекітілген   35 тірек  мектептерінің тізіміне  енгізілді.  .
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен 2013 жылдың 1-14 шілде аралығында Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің мамандары профессор Колин Маклафлинн мен доктор Энди Чандлер-Греваттың ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп басқарудағы көшбасшылық» атты Қазақстандық мектеп директорлары мен директорлар орынбасарларына арналған халықаралық озық іс-тәжірибе алмасу курсында білімімді  жетілдірдім.
  • “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстандық мұғалімдерге эвалюация жасаудың арнайы жүйесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың   озық  деңгейлік курсынан өттім.
     Мынау қазіргі алмағайып, санаға сілкініс керек жаһандану заманында өзіңнің кім екеніңді іспен дәлелдеуіңді өмірдің өзі талап етіп отыр. «Үндемей калуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз» дейді екен қаламгерлер. Ендеше, бүгінгі таңда әлемнің өзгеруімен қатар, білім саласындағы  болып  жатқан    өзгеріс  туралы  ой толғасам: бұны бір «Білім» деген алып  мұхитқа  шыққан кемеге теңеуге  болады. Шексіз, тұңғиық мұхитта нақты бағыты бар, мақсаты бар көш. Осы  көшке ілесу, өзіңді  өзгерту және өзгелерді өзгерту мақсатында  еңбек  етуді   жүктейді.
Жүйелі зерттеудің анықтамасы бойынша, оқыту мен оқуды жетілдіруде тиімді деп танылған кәсіби дайындықтың аспектілері төмендегі мәселелерді қамтиды: 
  • басшылар тарапынан басқаруға емес, өзара қолдау көрсетуге мән беру;
  • мектептің   дамуын  жоспарлауда  стартегиялық   басымдықтарды  айқындау, даму  жоспарын жүйелі құру;
  • басшы ретінде  көшбасшылық пен  бөлінген  көшбасшылықты енгізу;
  • оқыту  үрдісінде, педагогикалық  ұжымда тәлімгерлік  үдерісті күшейту:
  • мектеп   іс-шараларын қолдау үшін сыртқы сарапшыларды тарту;
  • жаңа стратегияларды енгізуші мұғалімдерге көмектесу мақсатында қадағалау және пікір алмасу (жартылай кері байланыс ұсыну);
  • мұғалімдердің жеке өсу нүктесін анықтауға арналған, сондай-ақ үздіксіз біліктілікті арттыру бағыттарын анықтау және нақтылау мақсатында мектептердің міндеттерін түзету және нақтылауға арналған критерийлер кешендері;
  • кәсіби диалогті құрылымдау, оған ықпал ету және ынталандыру шаралары;
  • уақыт өте келе мұғалімдерге өз сабақтарында жаңа әдістемелерді енгізуге мүмкіндік беретін үздіксіз біліктілікті арттыру үдерісі.
  • Мұғалімдердің қызметін   мониторингілеу, ынталандыру.
    Олай   болса, бүгінгі  таңда  мектепті   басқару, білімге  жаңашылдық енгізуде тиімді  кәсіби  дайындықтың қажет екендігі  айқын. Осы   орайда, өзімнің  басшылық  қызметттегі 5 айлық  іс-тәжірибеммен  бөліссем   деймін.
     Өзімнің пікірімді  қорыта келе,   «Бүгінгі  мектеп  басшысы   қандай  болу  керек?» деген сұраққа  жауап берсем, жаңа инновациялық ойлардың қайнар көзі болатын - “шығармашыл  тұлға”, ұжымның және топтың әр мүшесіне мақсатқа жетуді бағыттайтын және қолдайтын-“көшбасшы”, ұжымдағы әр  топтың жобалау  жұмыстарының- “соңғы  нүктесін   қоюшы”, мектептің дамуын және педагогикалық ұжымның өзара байланысын “дамытушы-зерттеуші” болу  керек дер едім.
       Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деген  екен.
       Осы  баяндамада  айтылғандарды   пысықтау және  көрсету  мен   шабыттандыру мақсатында  Сіздерге практикалық  бөлімде өз  іс   тәжірибеммен  бөліссем деймін.  
   Сіздермен қазіргі   жүргізілетін  коучингтің  тақырыбы:
«Егер  Абай  болмаса, Шәкәрім  болар   ма  еді?»
Коучинг-   сессия  жоспары
Өткізілетін орны        Облыстық тамыз кеңесінің 2-секция  жұмысында   №14 мектеп-гимназия
Күні                                18.08.2015 ж.
Өткізген                   Ақшолақова Ғалия  Молдағалиқызы
Коучингтің тақырыбы:«Егер  Абай     болмаса, Шәкәрім  болар  ма     еді?»
Мақсаты:   1.Абай     мен  Шәкәрім  туралы     сыни  ойлауы мен сыни көзқарас  қалыптастыру. 
  2. Тәлімгерлік  үдеріс     туралы пікірлер тыңдау,  дилогтік     қарым-қатынас орнату,     сөйлеу  мәдениетін  дамту.
   3. «Тәлімгерлік  үдерістің»  білім     мекемесін  бақарудағы  рөлін түсіндіру.
Табыс критерийлері:  1.Абай, Шәкәрімдер туралы  сыни     ойлауы мен сыныи көзқарас  қалыптасады. 
  2. Тәлімгерлік үдеріс  туралы пікірлер  тыңдалып,     дилогтік  қарым-қатынас орнайды,  сөйлеу  мәдениеті      дамиды.
   3. «Тәлімгерлік  үдерістің»  білім     мекемесін  бақарудағы  рөлін түсінеді.
РесурсИнтернет желісі, компьютер, бейне  жазба 
Өткізілу  формасыКоучинг-сессия.


Эвалюациялау  инструменті коучинг-сессия  жоспары, бейнетаспа, постерлер, «Сырт көз сыншыл, сырт көз не  дейді?»  стратегиясы,   облыстық, аудандық  әдістемелік     кабинет  меңгерушілері мен әдіскерлері қоғамдастығын  құру..
МониторингіОблыстық, аудандық  әдістемелік  кабинет     меңгерушілері мен әдіскерлері
Қайта  қарау бөліміКоучинг  барысында     туындаған  сұрақтарға  жауап     беру,  тренердің   кері байланысынан  қорытынды     жасау.






Коучинг-сессияның барысы:
БөліміЖүргізушінің    іс-әрекетіҚатысушылардың                       іс-әркетіНәтиже
Ұйымдастыру  бөлімі
2 минут
Коучингке қатысушылармен сәлемдесу, рефлексия жүргізу, ой қозғау  мақсатында «Сыни  ойлау» модуліне  қысқаша     түсінік  Коучингтің тақырыбы мен мақсатымен  таныстыру.Рефлексияға     қатысады.
Ой қозғау     мақсатындағы  сыни  ойлау     туралы  түсінік алады  және     коучингтің  тақырыбы мен мақсатымен танысады.
 «Сыни     ойлау» модулі  бойынша  түсінік алады.
Коучингтің тақырыбы мен мақсатын  біледі.
Топқа бөлу
1 минут
Жүргізіуші     коучинг-сессияға     қатысушылардан  ерікті үш  топ     құруды сұрайды.Қатысушылар арасынан  ерікті     үш  топ құрады. «Тәлімгер-директор», «Тәлімгер-әдіскер» және
«Тәлімгер-тәлімаулшы»  топтары     болып үш  топқа  топтасады.
Ой қозғау, постер  құру
10 минут 
Коучтың кіріспе  сөзі. 
Осы     бейне  жазба  бойынша:
  1. «Тәлімгер-директор»- тәлімгерлік  үдерісті  қалай     жүргізеді, басқарады?
  2. «Тәлімгер-әдіскер»- тәлімгерлік  үдерісті  қалай     жоспарлайды, қалай іске асырады?
  3. «Тәлімгер-тәлімалушы»- тәлімгерлік  үдерісті  қалай     көрсетеді?
Берілген     сұрақтар  бойынша  коучингке қатысушы  ерікті топ     мүшелері  мен көрермен  ретінде     қатысқан  мұғалімдер өз пікірлерін  айтады.
Яғни     коучинге қатысушылар арасында     ой  қозғалып, талқыға  түседі.
Берілген     сұрақтар  бойынша  коучингке қатысушы  ерікті топ     мүшелері  мен көрермен  ретінде     қатысқан  мұғалімдер өз пікірлерін  ортаға салып, пікір  алмасады. 
Яғни     коучинге қатысушылар арасында     ой  қозғап, талқылайды.
Ой  қорытуӘр топтың  постерлерін  қорғауына     нұсқау  беру.
Кері  байланыс     жасау
(5 минут)
Пікір алмасады. Постер  қорғайды.Әр     топтың түйінді идеяларынан     қорытынды  жасайды.
Қорыту Шәкәрім     Құдайбердіұлының сөзіне     жазылған «Бұл ән бұрынғы әннен өзгеше» әні  орындалады.Коуч  әр     топты   формативті  бағалау     жасаап ,кері  байланыс алады.Ән     ырғағында  әр  топ ойларын     жинақтап  қорытады.Сыни ойлау мен сыни көзқарас  қалыптасты.