Оқытуда заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын қолдану- білім сапасының тиімді құралы (педагогикалық кеңес) » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқытуда заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын қолдану- білім сапасының тиімді құралы (педагогикалық кеңес)
08
апрель
2021

Оқытуда заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын қолдану- білім сапасының тиімді құралы (педагогикалық кеңес)

Алматы  облысы, Талдықорған  қаласы, «Еңбек  ауылындағымектепке  дейінгі       шағын  орталығы  бар №22       орта мектеп» коммуналдық       мемлекеттік  мекемесінің  директоры
Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы
Жоғарғы       санатты       физика-информатика       пәнінің  мұғалімі, 2013 ж. Ұлыбритания. Брайтон. Сассекс университетінде «Мектепті   басқару       және  көшбасшылық» атты  халықарлылық тәжірибе алмасу курсынан,
2015ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік       орталығы « ҚР Жалпы  білім  беру       ұйымдары басшыларының       біліктілігін арттыру» курсынан өткен.
  Оқытуда  заманауи білім беру технологиялары мен ресурстарын  қолдану- білім  сапасының тиімді  құралы
(педагогикалық кеңес)
Мақсаты: Заманауи технологиялардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қазіргі заманғы педагогтардың педагогикалық біліктіліктерінің көрсеткіші ретінде түсіндіру.
Міндетері:
  • әлеуметтік-педагогикалық түсініктер ретіндегі «біліктілік тәсілі» және «біліктілік» ұғымдарын теориялық білім ретінде жүйелеу: мәні және түсініктің мазмұны;
  • заманауи технологияларды пайдалануда балалар білімінің сапасына әсері мен  мән-мәтіндік біліктілігі ретіндегі ықпалын талдау  және анықтау;
  • педагогикалық ұжымда біліктілікті ықпалдауды жобалау әдістері жөнінде жұмыс тәжірибелерімен алмасу.
Жабдықтар:
– компьютер, медиа – проектор, медиа – экран, музыкалық центр
– презентация «заманауи технологиялар білім сапасын басқару құралы ретінде»;
– «Себеп-салдар» ойынына арналған карточкалар;
– «Басты біліктілікті қалыптастыру талаптары»  ескертпе ;
– визитка, доп, қаламдар, таза парақшалар, фломастерлер
Педагогикалық кеңесті өткізу жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі. Педагогикалық кеңестің мақсаттары мен міндеттері және  жоспары туралы хабарлама.
«Таныстыру» жаттығуы. (Педагогикалық ұжым педкеңес құрылымымен, бірі-бірімен жатығу  арқылы   танысады.)


 ІІ.    КіріспеІІІ.   Теориялық бөлім
ІV.   Практикалық бөлім
1. Іскерлік ойын
2. «Мәселе алақанда» ойыны
3. «Себеп-салдар» ойыны
V.     Рефлексия
VI.   Педагогикалық кеңестің қорытындысы
    Таныстырудың негізгі міндеті – жұбының өзіндік ерекшеліктерін  басқалар тез әрі нақты ұғынатындай етіп даралап көрсету. Сосын қатысушылар үлкен шеңберде бірлесіп, кезекпен бір- бірінің жұптарын таныстыра бастайды, таныстыруда: «…үшін, ең маңыздысы…» деген стратегияны  пайдалану керек.
ІІ.     Кіріспе.    Педагогикалық кеңестің эпиграфы:
Ұстаз бен оқушы бірге жетіледі:
білім беру – жартылай оқумен тең
                                                    Ли Цзи
ІІІ.    Теориялық бөлім.   Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. Біздің қоғамымыз белгілі ғылым және білім саласында талантты мамандарға және еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне білімді азаматтар қажет екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан білімалушыларға жоғары деңгейлі білім беруде педагог: -ұйымдастырушылық;   -ақпараттық-коммуникативтік;   -педагогикалық-психологиялық; -оқу үрдісін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет.
      Жаңарту бағдарламасы білім беру процессінің барлық жақтарын және білім беру мазмұнын қозғайды. «Білуші түлек» әлеуметтік талаптарына сай болудан қалып барады. Сондықтан, бағалы бағдары бар «Шығармашыл түлекке» деген сұраныстар пайда болды. Бұл мәселенің шешімі білім берудің біліктілік ықпалы болды.
«Құзырет» және «Құзыреттілік» сөздерінің синонимдік мағынасын қарастырамыз.
«Құзырет»  – практикалық тәжірибенің, ұсталықтың және білімнің негізінде ойдағыдай әрекет ете білу
«Құзыреттілік» – тұлғаның білім мен тәжірибеге сүйене отырып, жалпы қабілеттілігі мен жігерлілікке даяр болуы, интегралдық сапасы.
     ТӘЖІРИБЕ: Білімге негізделген жігерлілік; Білім, икемділік, дағды; Білім алушы жігерліліктің нәтижесінде құзыретті, егер ол оқығанын тәжірибе барысында көрсете білсе, яғни біліктілікті шынайы өмірде белгілі бір жағдаяттарда қолдана алса.
  Білім алушының біліктілігін дамыту үшін заманауи педагог қандай әдістер мен технологияларды меңгеруі қажет? Кәсіптік дамуы мен қалыптасуы үшін педагог өзі қандай кәсіби педагогикалық біліктіліктерді білуі тиіс?  Қандай шарттар арқылы қайраттылық кәсіби біліктіліктің келесі сатысына өтеді?
IV. Практикалық бөлім
1.     Іскерлік ойын.  Қатысушылар:  «білім алушылар», «педагогтар», «сарапшылар» деп үш топқа бөлінеді. Екі  сұрақ талқыға салу үшін: Оқушыға білім алу сабақтың қай түрінде қызықсыз? Оқытушыға білім беру қай  жағдайда қызықсыз?  Екінші сұрақ: Білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологияларын қолданса, педагогқа білім беру, ал оқушыға білім алу қызықты болады ма?
     Жауаптардың ішінен сарапшылар берілген аудиторияға ең маңызды деген 2-3 жауапты таңдап алып хабарлайды. Сарапшылар  тарапынан  таңдалып алынған басым  бағыттар:
– ақпараттық технологиялар – білім алу жүйесін саралау және даралау, білім алушылардың білімділік белсенділігі мен дербестігін ынталандыру;
– ойындық технологиялар – білім алу кезіндегі эмоционалдық күшейтулерді басқаруды қамтамасыз етеді, білімділік, еңбектік, көркемдік, спорттық қызметте шеберлікке ие болу. Ойын барысында балалар байқаусызда ертеде меңгеруге қиын болған білімдерді меңгеріп алады;
– проблемалық – дамытушылық білім беру технологиясы  оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді,  сыни ойлау және жай эмоциялар қалыптастыру.
– жобалық технология, білім алушы оқу жобасының барысында нақты жағдаяттарды басынан өткізіп, айқын процесстрге объектілерге жетеді. Жобалық технологияның негізі – білім алушылардың білімдік дағдыны қалыптастыру, өз білімін өздігінен құрастыра білу, сыни ойлауды дамыту, ақпараттық кеңістікте бағдар ала білуге үйрену.
2.  Жаттықтыру. Мектеп  педагогтары өзінің қызметінде заманауи технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін, сабақтар мен жиындардың жаңа формаларын қолданады.
1. «Мәселе алақанда» ойыны. Ойын барысы: Әр ойыншыға маңызы бар мәселеге, егер осы мәселе алақанында тұрса қалай қарар едіңіз деген нұсқау беріледі. Жүргізуші алақанына теннис добын алып, ойын қатысушыларына былай дейді: «Мен бұл допқа қарап тұрмын. Ол домалақ, әрі үлкен емес, біздің Жер шары сияқты. Жер – ол менің барлық өмірімнің үйі. Егер өмірімді бастан аяқ билеп төстей алсам, мен не істер едім?» (музыкалық сүйемелдеу: жер жүзі әуені). Қатысушылар кезектесіп қолдарына заттарды ұстап, берілген проблемма бойынша өз ойларымен бөлісе бастайды.Ойын соңында: егер екі ережені ұстанса, ойын сәтті өтеді.
 2. «Себеп – салдар» ойыны. Адамға жануарға қарағанда алдында болатын жағдаяттарды білу үшін логика берілген,  жағдайды, сөзді, әрекеттерді талдай алады. Салдарды болжау үшін біздің тәжірибе көмектеседі.
Ойын барысы: Қатысушы болған жағдайды хабарлайды.(Іс әрекет карточкада жазылған: «мен жақсы адамға гүл табыстадым», «мен қызметтес жолдасыма дөрекі келеке қылдым», «мен шамадан тыс өтірік айтып, әсерелеп, өсектеп, мақтанғанды жақсы көремін», «мен темекі шеге бастадым», «біреудің әмианын тауып алып, өзіме қалдырдым», «мен көп оқимын», «таңертең жаттығу жасауды бастадым», «мен әдемі емес адамға, әдемі емессің дедім», «жұмысқа неге келгенімді ұмытып қаламын», «әрқашан бастаған ісімді аяқтаймын»).
Қатысушылар : Болған іске  «Мен  салдардың біріншісімін, мен саған ……. деймін».1 ші хабарлайды, қатысушының істегенінен ісіне  «қазір….. болады»; 2ші ескертеді, субъект «бір аптадан соң» күтіледі;
3ші сурет салады «бір айдан кейін»; 4ші болжау жасау «кемелденген жылдарға»; 5ші қатысушы өмірінің соңында келетін қорытындыны баяндайды.
Ойын соңында педкеңес қатысушыларына сұрақ: ойын кезінде не ойладыңыз?
V.     Рефлексия. 1. Антуана де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісін желісінде: «Мен егер генералыма теңіз шағаласына айнал деп бұйырып, егер ол орындамаса, ол оның кінәсы емес,менің кінәм». Бұл сөздер біз үшін нені білдіреді? (педагогтардың жауабы).
Бұл сөздердің астарында оқытудың маңызды бөліктері бекітілген: өзіңізге және өзіңіз оқытып жатқандардың алдына нақты мақсат қоя біліңіз. Қандай болмасын педагогикалық жаңалық сауатты пайдаланылуы керек және әрбір педагог «Бастысы- зиян келтірмеу» деген принципті ұстануы тиіс.
2.  Педагогикалық кеңеске қатысушыларына сұрақ:
– Біліктіліктің дамуының немесе қалыптасуының талаптары не?
Сонымен,  білімділік қалыптасады, егер: Оқыту қызметтік сипатта және   ресурстық жағынан қамтылғанда; білім алушыға сыни  ойлауға және өзіндік өсу туралы білім беру кезінде бағдар беруде (ол үшін өздік жұмыстарды,творчестволық, ізденушілік, эксперементтік жұмыстар беру керек);
мақсатқа жету және тәжірибе алу шарты туындайды;
 педагогтың оқушыларын оқыту нәтижесінде дербестік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруда заманауи технологиялар қалыптасады (рефераттық жұмыс, рефлексия, зерттеушілік, өзекті ізденістер, оқуды дамыту);
білім берудің практикалық бағытын нығайту жүреді (іскерлік, имитациялық ойындар арқылы, творчестволық кездеслер мен дискуссияларда және дөңгелек үстелдерде);
Педагог оқушылардың іскерлігін және білім алуын епті басқарады. Дистервег айтқан:  «Жаман ұстаз шындықты ұсынады, жақсы ұстаз оны іздеп табады», ал үшін өзі де педагогикалық біліктілікті меңгеруі қажет.
VI.   Қорытынды
  1. Коллективтің білікті оқытуды меңгеруі үшін әр түрлі формалар табуға тырысамыз. Және бізге осы беріліп отырған бағыт көмектесе алады: өзің байқап көр – оқушыға ұсын – әріптестерінізбен бөліс – пікірлестеріңді тап – күштеріңді біріктіріңдер. Тек бірге болғанда ғана табысқа қол жеткізуге болады емес пе.