Акушер гинекологпен кездесу » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2023

Акушер гинекологпен кездесу

2023 жылғы 8 ақпанда  "Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ-де қыз балалармен Өтенай ауылының емханасының акушер-гинекологы  Касенжанова Толқын Калибековнамен кездесу өтті. 
Кездесуде қыз балаларға «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог Касенжанова Толқын Калибековна жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Әйелдер қауымының денсаулығы - бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді