"Оқу-зерттеу мақсаты" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2023

"Оқу-зерттеу мақсаты"

Мұғалімдердің кәсіптік құзіретін арттыру мақсатында  «Елтану» апталығының жоспарына сәйкес 18.01 күні химия пәнінің мұғалімі нусипова Гузель Маратқызы  9 «А» сыныпта « Хлорсутек  қышқылы. №10 зертханалық  тәжірибе «Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу»   тақырыбында    зертханалақы тәжірибе сабағын жүргізді. Мақсаты: Хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Ватмандағы саяхат» әдісін пайдаланып, оқушылар ватманға үзбей сурет салды. Жасырынған код арқылы 3 топқа бөлінді. Оқушылар «Сағат дос» әдісі арқылы оқушылар алда қанша тапсырма бар екен, сол тапсырмаларды кіммен орындайтын жұбын анықтады. «Өрмекші – практик» әдісімен меңгерген ресуртары бойынша білімалушылар  10-зертханалық жұмысты жүргізуі сабақтың сәтті жері болды. Сабақ соңында «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы, мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдап, кері байланыс берді.