"ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП"
11
сентябрь
2023

"ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП"

11 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Сәкенқызының бастамасымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары" тақырыбында сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар өткізілді. Бағдарламада көрсетілген "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП" құндылықтарын негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпақты тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.2023-2024  оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында өткізілген семинарда ұстаздар тәрбие құндылықтарының моделімен таныстырылды. Сонымен қатар тәрбие құндылықтарын сынып сағаттары арқылы жүзеге асыру: жоспарлауды, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеуді үйренді.