29
октябрь
2024
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»
2024 жылдың 29 қазан күні кезектен тыс сынып жетекшілер бірлесігінің отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы, мәселелері мен шешу жолдары», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша оқу сабақтарының жүргізілуі», «Күзгі каникул жоспарына сәйкес іс-шаралардың жүргізілуі» тақырыптарында сұрақтар қарастырылды. Сынып жетекшілер тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Сагындыкова кері байланыс берді.