Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке шақырды. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке шақырды.
16
март
2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке шақырды.

Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы агломерациясына қатысты түйткілдерді  ескере  отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынып, Алматы облысының орталығы  - Қапшағай, Жетісу облысының орталығы - Талдықорғанда орналасатындығын айтты. Бұл ұсыныстың нәтижесінде аймаққа жаңа инвестициялар тартылып, шалғай аудандарды қалпына келтіру арқылы Жетісу өңіріне тың серпін беріледі деген үмітіміз зор. Бүгінгі заман білекке емес, білімге сенетін заман. Сондықтан үкімет білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, келелі мәселенің бірі – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мәселесін де назардан тыс қалтырмады.
Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде еңбек нарығына шыға алу үшін білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу қажеттігін құзырлы министрлікке міндеттеді. Сонымен бірге, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар мен бір реттік ақшалай сыйақы да төленетіндігі туралы атап өтті.   
Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажеттілігін және мұғалімдердің қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан тегін өтетітіндігін айтты.  Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқын бірлікке шақырды.
«Әр түрлі көзқарас - біртұтас ұлт» - бұл жаңа Қазақстанның негізгі ұстанымы болмақ.
#Қасымжомарттоқаев #Қазақстанпрезиденті #Мемлекетбасшысы #2022жылғыжолдау