Жазғы мектепте оқыту жоспары » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2021

Жазғы мектепте оқыту жоспары

           

Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орны толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 26 мамырдан бастап 

17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту жоспары 

2021-2022 оқу жылы

Әдістемелік ұсынымдар:

  • Әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылау
  • Оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау (оқу материалын бекіту үшін)
  • Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру
  • Білім алушыларға арналған жеке консультациялар
  • Негізгі пәндер бойынша, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының,колледждердің студенттерін тарта отырып, консультациялар
  • Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану
  • Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту («Оқитын мектеп»)
  • Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
  • Шаблондық алгоритмдерді қолданудың орнына ерекше практикалық-бағдарланған тәсілдерді іздей отырып, математикадағы күрделі есептерді шешу әдістерін қолдану
  • Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)

Практикалық тапсырмаларды орындау


1.Ұйымдастыру жұмысы

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты

1

Мектептегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіру, жазғы мектеп жұмыс жоспарын     құру және бекіту.


Кәсіби әңгіме, бірлесе жоспар жасақтау. Хаттама 

мамыр

Білім беру мекемесі

Р.Ақшолақова

Ж.Шаекенова

Г.Нүсіпова

2

Ата-аналардың өтініші бойынша  1-4, 5-6-7-8-10-сыныптарда оқушылар мен сынып-жиынтықтардың тізімі  нақтылау.

Өтініш алу

мамыр

Білім беру мекемесі


Сынып жетекшілер

3

Әдістемелік бірлестік отырысында оқу пәндерінің тізімін нақтылап, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру. Сабақ кестесін жасап, уақытша сынып журналдарын арнау.

Әдістемелік отырыс

мамыр

Білім беру мекемесі

Ж.Шаекенова

Г.Нүсіпова

Бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері

4

  Ата-аналармен кездесу және олармен келісе отырып, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру;

- оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша жазғы мектеп  жұмысын ұйымдастыру;

Сұхбат 

мамыр

Білім беру мекемесі

Мектеп әкімшілігі

2. Оқу мазмұны

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты           

1

- Оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша қайта қарау;

- оқытудың қол жеткізілмеген     мақсаттарын ескере отырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру;

- оқу пәндері бойынша цифрлық ресурстар әзірлеу;

Бірлесе жоспар жасақтау.

Ресурс; 

мамыр

Білім беру мекемесі

Мектеп әкімшілігі

Бірлестік жетекшілері

Пән мұғалімдері



3. Оқыту әдістемесі

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты           

1

- қосымша сабақтар аясында оқытудың саралау әдістерін іске асыру;

- білім алушыларды жобалық және зерттеу жұмыстарына тарту;

- оқу материалын күрделі және бекітуді талап ететін оқу мақсаттары бойынша бөле отырып, модульдік оқытуды пайдалану;

- оқытудың тиімді әдістерін қолдану 


Саралау;

Зерттеу;

Тақырыптық талқылау;

Іскерлік ойын;

үнемі

Білім беру мекемесі

Ж.Шаекенова

Г.Нүсіпова

Пән мұғалімдері


4. Педагогтердің  жұмысы

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты           

1

- педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студент-тәлімгерлері, үлгерімі жақсы жоғары сынып оқушылары қатарынан  жұмысын ұйымдастыру;

- оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;

Жеке жұмыс

үнемі

Білім беру мекемесі


Психолог

2

-  психологтің, әлеуметтік педагогтің, сынып жетекшісінің, үлгерімі төмен білім алушыларды қолдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;

Сұхбат; 

Бас қосу;

үнемі

Білім беру мекемесі

Н.Кангабылова

Г.Қоңырбаева 




5. Оқушылардың ата-аналарымен  жұмысты ұйымдастыру

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты           

1

- Ата-аналарды үлгерім мониторингінің нәтижелері туралы     хабардар ету;

-Ата-аналарымен жеке әңгімелесу, консультациялар өткізу және ата-ана құзыреттіліктерін арттыру бойынша тренингтер өткізу;

Сұхбат;

Әңгімелесу;

Консультациялар;

Тренинг

үнемі

Білім беру мекемесі

Мектеп әкімшілгі

Сынып жетекшілер

Психолог


- шешім қабылдау, мектепішілік бақылау мәселелерінде қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру.

Кеңес;

мамыр

Білім беру мекемесі

Мектеп әкімшілігі

Әлеуметтік педагог



Педагогтерді даярлау 

Іс- шараның тақырыбы

Іс-шараның түрі

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты           

1

- үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізу;

- педагогтерді курстан кейінгі қолдау: мектептерде қашықтан оқыту бойынша вебинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер;

- педагогтер, ата-аналар мен  оқушылар үшін еркін қолжетімді вебинарлар ұйымдастыру; 

Тренинг;

Вебинар;

Шебер сағаттар;

үнемі

Білім беру мекемесі

Г.Нүсіпова

Психолог

Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                 Ж.Шаекенова