Стандарттық берілген пәндердің жүргізілуін бақылау » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Стандарттық берілген пәндердің жүргізілуін бақылау
18
февраль
2022

Стандарттық берілген пәндердің жүргізілуін бақылау




 Стандарттық берілген пәндердің  жүргізілуін бақылау (физика, кәсіпкерлік бизнес, география, дүние жүзі тарихы)

2021-2022 оқу жылының оқу- тәрбие жоспарына  және мектепішілік бақылау нысанына сәйкес, 2022 жылдың ақпан айының 14-18 күндері аралығында аралығында  стандарттық деңгейде берілген  пәндерді тексеру мақсатында  мектепішілік 11.02.2022ж №54 бұйрық шығарылып төмендегі құрамда комиссия құрылды.

Комиссия төрайымы: 1.Р. Ақшолақова  – мектеп директоры.

Комиссия мүшелері:   2.Ж.Шаекенова – ДОТІЖО ;

                                         3. Г.Нүсіпова – ДӘІЖО;

                                         4. А.Баймұханова– ДТІЖО; 

                                         5. А.Садбаева – ДҮІЖМ

Тексерудің мақсаты: Стандарттық   деңгейде берілген  физика, кәсіпкерлік бизнес, география, дүние жүзі тарихы пәндерінің оқыту әдістемесін және оқу процессінің сапасын бақылау.

Тексерілген  мерзімі:   14.02-18.02.2022ж

Сабаққа қатысудың мақсаты- оқу процессінің сапасын бақылау.

Сабаққа қатысу барысында :

  • сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне;
  • формативті бағалаудың өткізілуіне;
  • педагогтың кері байланыс жасауына;
  • білім алушыларді оқу процессіне белсенді қатысуына;
  • әрбір білім алушыға  жеке көңіл бөлуге;
  • сабақта цифрлық  білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;

оқыту процесінде   белсенді әдіс тәсілдер мен технологиялардың қолданылуына  назар білім алушыларді оқу процессіне белсенді қатысуына;

        2021-2022 оқу жылында  Қазақстан Республикасы  Білім және   ғылым министрінің 2021 жылғы 26 - наурыздағы №125 бұйрығының 21- қосымшасына сәйкес  жалпы орта білім берудегі  үлгілік оқу жоспарындағы  таңдау пәндері  бойынша стандарттық деңгейде  берілген физика , кәсіпкерлік бизнес, география, дұние жұзі тарихы пәндері тексерілді.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізілді. Осы орайда, «Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту. Сүт қалай өңделетіндігі, сатылу бағасы мен тауар құнын есептеуді ауылдық ортада өскен бала білу қажет. Қазіргі таңда жастар ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолданады. 

Осы орайда, «Кәсіпкерлік  және бизнес негіздері» пәнінен  толық курстан өтіп сертификатталған 2 мұғалім сабақ береді.

  1. Қасымова Назгул Ахметханқызы - 10«Ә» қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныпта 1-сағат вариативтік компоненттен, 11«А» жаратылыстану-математика бағытында стандарттық деңгейден 2 сағат , 2 сағат дүние жүзі тарихына бөлінген.

 Назгул Ахметханқызының  15-ші ақпандағы 11 «А» сыныбындағы  «Қор   

 нарығы» тақырыбындағы сабағына қатыстық. 

Сабақтың мақсаты: Экономикалық циклдардың  қор нарығына  әсері және оны қалай пайдалау керектігі. Акциялардың бағасына не әсер ететінін білуі.

Сабақ оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкес, сабақ жоспары талапқа сай. Сабақ барысында мұғалім Қазақстанның қор биржасы қалай жұмыс істейтіні туралы , акция бағасына , экономикалық  циклдар   қор нарығына қалай әсер ететіні туралы түсінік беріп өтті.

Оқушыларға топтық жұмыс берілді 2- топқа бір-бір тапсырманы талдау , талқылау керектігі ескертілді.

1-тапсырма:

1 –топ Қазақстан қор  биржасы бойынша ауызша ой қозғау, талқылау;

2-топ Акциялар құнына не әсер ететінін  және оны қалай қолдануға болатынын талқылау. 

2-тапсырма:

Жалпы ұжымға экономикалық циклдар қор нарығына  қалай әсер ететіні туралы

Оқушылар дереккөздер арқылы  ізденіп, интернет ресурстарына сүйене отырып   оларын ортаға салып талқылады. Оқушылар   белсенділігі   жақсы.  Сабақта   АКТ қолданылды , оқушыларға кері байланыс беріліп отырды. 

10 «Ә» сыныбында 16-ақпан күні   «Мақсатты  аудитория, сегменттеу»  тақырыбындағы сабағына  қатыстық.

Сабақ мақсаты: Тұтынушыны  сегменттеудің  мәні мен қағидаларын  білу, белгілі бір мақсатты аудиторияларлың  қажеттіліктерін анықтау.

Сабақ оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкес, сабақ жоспары талапқа сай. Сабақ барысында мұғалім нарықты сегментациялау деген не екенін түсіндірді. Оқушыларға  Сегменттеу өлшемдерін, стратегиясын, сегменттің   бизнестің тартымдылығына баға беру туралы тапсырмалар берілді . Жұптық , топтық тапсырмалар орындалды. 

Оқушылар дереккөздер арқылы  ізденіп, интернет ресурстарына сүйене отырып   оларын ортаға салып талқылады. Оқушылар   белсенділігі   жақсы.  Сабақта   АКТ қолданылды , оқушыларға кері байланыс берілді.

  1. Мирас Алмасұлы - 11«Ә» қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныпта   стандарттық деңгейден  физика пәніне 2-сағат бөлінген.

11 «Ә» сыныбында «Табиғи радиактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы.»  тақырыбындағы сабағына қатыстық.

Сабақ мақсаты:Радиоактивті материалдарды қолдану, өдеу, сипаттау және жартылай ыдырау периодын есептеу.

Сабақ оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкес, сабақ жоспары талапқа сай. Сабақ барысында мұғалім  оқушыларға Білім ленд порталында радиоактивті  сәулелердің  биологиялық әсері таырыбында бейне жазба көрсетті. 

Белсенді оқыту бойынша «Ғажайып сәулелер»  әдісі арқылы  арқылы оқушыларға  сәуленің қасиетін зерттеуге арналған 1-ші тапсырма берілді. 

1. Альфа сәулелерінің қасиеттері;

2. Бета сәулелерінің қасиеттері;

3. Гамма сәулелерінің қасиеттері. Осы мәліметтерді зерттеді. 

2-ші тапсырма

«Кестені толтыр» әдісі  арқылы оқушыларға Содди-дің ығысу ережесіне байланысты   берілген кестені толтыру берілді. 

Оқушылар дереккөздер арқылы  ізденіп, интернет ресурстарына сүйене отырып   оларын ортаға салып талқылады. Оқушылар   белсенділігі   жақсы.  Сабақта   АКТ қолданылды , оқушыларға кері байланыс берілді.

  1.  Жақбаева Элмира Қадлетқызы  - 11«Ә» қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныпта  тереңдетілген  деңгейден география пәніне 3-сағат бөлінген.

11 «Ә» сыныбындағы « Гидросфера » тақырыбындағы  сабағына қатыстық. 

Сабақтың тақырыбы білім стандартына сай ,тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес. Сабақтың мақсаты айқындалып , сабақ барысында оқушылармен тығыз байланыста болды. Өтілген сабақтар  оқу материалының мазмұны мен мақсатына   сәйкестілігі оқушылардың берілген тапсырмаларды орындауында байқалады. Тақырыптың толықашылуы есептерді шешуде формулаларды оқушылардың тиімді  пайдалануы арқылы іске асты. Жаңа сабақты баяндауда мұғалім педагогикалық шеберлігін аңғартты. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер бойынша дидактикалық материалдарында ,көрнекіліктерінде орынды қолдана білді. Қатысқан сабақтарымда мұғалімнің сабаққа дайындық сапасы жақсы, сабақтың тақырыпқа сәйкестілігі мен берілген тапсырмаларды оқушылардың белсенді орындауы арқылы іске асып отырды. Оқушыларға топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар кезінде уақытты үнемдеу керектігін ескертіп оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырды. Сабақ кезінде оқушылардың өз ойларын ашық айта білуі ,бір-бірін толықтырып отыруы жақсы.Оқушылардың ұйымшылдықтары мен тәртіптіліктері де жақсы деңгейде екендігі байқалады. Сынып оқушыларының өз беттерімен еңбектенуі мен ізденуі  қалыптасқан.Кейбір оқушылардың сыртқы сипаттарына қойылатын талаптар сақталмайды.

Бақылау жұмыстарының бағасы қойылған. Сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың жұмыс дәптерлері талапқа сай, оқушылардың дәптерлері тексерілген.


Ұсыныстар:  

  1. Сабақта цифрлық   білім беру ресурстарын,

оқыту процесінде   белсенді әдіс тәсілдер мен технологияларды тиімді қолдануды басшылыққа алсын.

2. Сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне назар аударылсын.