«Жетісудың жыршысы – ақын Тоқбай» атты әдеби кеш ө » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жетісудың жыршысы – ақын Тоқбай» атты әдеби кеш ө
14
декабрь
2022

«Жетісудың жыршысы – ақын Тоқбай» атты әдеби кеш ө

Мектебімізде  14 желтоқсан күні мектеп кітапханасында кітапханашы А.Искакова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қомпыштың ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Тоқбай Исабековтың 90 жылдығына орай  «Жетісудың жыршысы – ақын Тоқбай» атты әдеби кеш өткізіліп, ақын шығырмашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
  Әдеби кешке ақынның ұрпақтары -  Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, мәдениет ісінің үздігі  Алма  Исабекова Тоқбайқызы, шәкірттері Гүлбақыт Қасен, Ғафу Еркін, Қалибек Аслан және мектептің білім алушылары қатысты.
   Ақынның қызы Алма Тоқбайқызы ақынның өмірінен естеліктер айтып, шығармашылығына кеңінен тоқталды.   Кеш барысында мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, ақын шығармашылығы туралы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. 
  Ақын рухына арналған бұл кештің  жас ұрпақ үшін   берер тағылымы  мол болды.