Қыздар жиналысы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2023

Қыздар жиналысы

Бүгін мектебімізде "Қыз тәрбиесі қоғам тәрбиесі" тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында жиналыс өтті. Қыздар жиналысын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Баймұханова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндірді. Қыздар ұйымының жетекшісі Н.Қуанышбек мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.