Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі бойынша іс-шаралар » Страница 4 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жасыл желек»
12
январь
2024
«Жасыл желек»
Мектебімізде экология және еңбек фракциясының мүшелері  «Жасыл желек» жобасы аясында оқушыларды еңбекке баулу, оқу орындарын көгалдандыруға үйрету мақсатында өз жұмыстарын жалғастыруда. Мектеп фойесіндегі гүлді өсімдіктердің түрлерін көбейтіп, жасыл қабатқа айналдыруда.
«Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті.
09
январь
2024
«Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті.
Бүгін мектебімізде баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуға арналған «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті.  Дебаттың мақсаты: 1. Білімділік - буллинг және кибербуллинг туралы білімдерін кеңейту, адами құндылықтарға тәрбиелеу, буллинг және кибербуллинг болған жағдайда сақтану жолдарын түсіндіру, командамен жұмыс жасауға баулу. 2. Дамытушылық - буллинг және кибербуллинг туралы ақпараттарды түсіну, игеру және алған білімін пайдалы жағына қолдану, қисынды, сыни ойлау,
«DANCE BATTLE»
04
январь
2024
«DANCE BATTLE»
Мектебімізде қысқы демалыс уақытында 5-6 сынып оқушылары арасында «DANCE BATTLE» сайысы өткізілді. Би өнері ең алдымен жас жеткіншектерге бос уақыттарын тиімді пайдалануға, адам бойындағы этика мен сұлулықты дамытуға үйретеді. Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға оқушыларымыз дайындықпен келген.  Қатысқан барлық үміткерлер жүлделі орындармен  марапатталды.
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
26
декабрь
2023
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті.  Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен, думанға толы салтанатпен өтті. Театрландырылған шоу көрсетіліп, көңілді флешмоб өткізілді.  Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын
"Біртұтас_тәрбие"
04
декабрь
2023
"Біртұтас_тәрбие"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #22 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімдері "Ата аналарға педагогикалық қолдау көрсету"  орталығында  1-4 сынып ата-аналарына сабақ өткізді. Сабақтың   тақырыбы: "Білімдіге  дүние жарық"  Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру. Міндеттері: 1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта
"Жасөспірімдер мен кәмелетке жасы толмаған балалар арасында қылмыстық және құқық бұзушылықтың алдын-алу. "
04
декабрь
2023
"Жасөспірімдер мен кәмелетке жасы толмаған балалар арасында қылмыстық
4 желтоқсан күні Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес  Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УИ полиция майоры Д.Мырзакулов мектеп инспекторы Г.Сакенова, ДТІЖО А.Баймұханова, мектеп психологы Н.Кангабылова 8-11 сынып ұлдарымен кездесу, дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер мен кәмелетке жасы толмаған балалар арасында қылмыстық және құқық бұзушылықтың алдын-алу. "Саяқ жүрсең, таяқ жейсің" демекші түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүріп зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға шақыру
"Сәтті сәрсенбі"
29
ноябрь
2023
"Сәтті сәрсенбі"
Мектебімізде оқушылардың қатысқан іс- шара, жарыс түрлерінен алған орындарына бір жетілік мониторинг жүргізіліп, сәрсенбінің сәтінде лездемеде марапаттау рәсімі өтеді.
"Құқықтық тәртіп"
27
ноябрь
2023
"Құқықтық тәртіп"
27 қараша күні Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УИ полиция капитаны Г. Сәкенова және полиция капитаны Т.Кусаинова ДТІЖО А.Баймұханова "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында, жалпы құқық бұзушылық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықпен әлімжеттілік, нашақорлық, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кездесу өткізілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларынан бопсалау фактісі бойынша жасырын түрде сауалнама алынды.
Зорлық -зомбылықсыз әлемді тұрғызуға бола ма?
24
ноябрь
2023
Зорлық -зомбылықсыз әлемді тұрғызуға бола ма?
24 қараша күні  Зорлық -зомбылықсыз әлемді тұрғызуға бола ма? тақырында пікір сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғам үшін ең бастысы тәуелсіздік,адам үшін бас бостандық және уайым қайғысыз өмір сүру, оның кепілі заңдылық.  Төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық адам бостандығын білім алушыларға түсіндіру.
"Үлгілі үйдің қыздары"
24
ноябрь
2023
"Үлгілі үйдің қыздары"
24 қараша күні 8-11сынып қыздарының арасында Үлгілі үйдің қыздары тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.