Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі бойынша іс-шаралар » Страница 6 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біртұтас тәрбие"
19
октябрь
2023
"Біртұтас тәрбие"
19 қазан күні "Біртұтас тәрбие" жоспарына сәйкес Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы  Әдеп- құқық жұмысы жобасының ұйымдастыруымен Жетісу облысы ПД ЭҚКБ-ның аға жедел уәкілі полиция капитаны Ағзам Нұрсұлтанұлы "Экстремизм және тероризм, жалған ақпарат тарату, қылмыстық жауаптылық” тақырыбында  9-10 сыныптар арасында кездесу өткізді.
«Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші  8-10 сыныптар
13
октябрь
2023
«Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші 8-10 сыныптар
Мектебімізде «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші  8-10 сыныптар арасында  «Маска» шоу форматында өтті.Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. Осы жылғы күзгі балдың басты ерекшелігі  қатысушы сыныптардың ішінде бір оқушы бастан аяқ таңдалып алған жеміс не көкеніспен жасырын түрде қатысып, кештің соңында әділқазы алқалары қай сыныптан қай оқушы қатысқанын тауып, өз бағаларын берді. Кеш өте қызықты өтті. Бас
«Арайлы алтын күз» 5-7 сынып
13
октябрь
2023
«Арайлы алтын күз» 5-7 сынып
Мектебімізде «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші  5-7 сыныптар арасында  өтті.Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. Іс-шара барысында Бас жүлдені 5 «Ә» сынып, І орынды 7 «Б» сынып, ІІ орынды 6 «Ә», 7 «Ә» сыныптар, ІІІ орынды 5 «А», 6 «А», 7 «А» сыныптар иеленді. Құттықтаймыз!
"Дублер куні"
06
октябрь
2023
"Дублер куні"
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай бұйрық пен тұжырымдаманы негізге ала отырып  «Дублер күні» ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару ұйымымен 11 сынып оқушылары мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, сабақ жоспарын жазды.  Таңертеңнен жақсы атмосфера орнатып, ұстаздарды қызыл кілемше үстінде қарсы алды. Сабақ беру барысында оқушылар
«Ұстаз – мектептің жүрегі»
06
октябрь
2023
«Ұстаз – мектептің жүрегі»
Мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Мерекелік концертке ардагер ұстаздар шақырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры құттықтау сөзімен ашып, ұстаздарды әр түрлі мадақтама грамоталарымен марапаттады. Оқушылар әннен шашу шашып, би билеп өз
"ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП"
11
сентябрь
2023
"ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП"
11 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Сәкенқызының бастамасымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары" тақырыбында сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар өткізілді. Бағдарламада көрсетілген "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ,АР-ҰЯТ, ТАЛАП" құндылықтарын негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпақты тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен
"Грек-рим стиліндегі Қазақстандық балуан."
08
сентябрь
2023
"Грек-рим стиліндегі Қазақстандық балуан."
8 қыркүйек күні Грек-рим стиліндегі Қазақстандық балуан, Амманда (Иордания) өткен жастар арасындағы әлемчемпионатының жеңімпазы Исхар Құрбаев мектебіміздің оқушыларымен кездесті.
"Әдеп және тәрбие"
06
сентябрь
2023
"Әдеп және тәрбие"
2023 жылдың 06 қыркүйек күні мектебіміздің "Әдеп және тәрбие" менторы Байсов Жанат Адилкасымович   менторлық жұмыс жүйесін мектеп оқушыларына таныстырды. Ментордың мақсаты мен міндеті: Жастардың тұлғалық жан-жақты дамуына менторлық көмек көрсету, құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық және заңға қайшы келетін жайттар мен девиантты мінез-құлықтың алдын алу, еліміздің салауатты, ұлтжанды, құндылықтарды бойына сіңірген жастарды тәрбиелеу.
"Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы"
05
сентябрь
2023
"Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ Қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған "Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы" атты тақырыпта ашық диктант өткізілді. Басты мақсат-мемлкеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту және қоғамдық келісім мен ел бірлігін гығайтуға ат салысу. Аталмыш диктантқа 7-11 сынып оқушылары белсенділік танытты.
"Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Түнгі уақытта көшеде жүру", "Есірткінің зияны", атты тақырыптарда профилактикалық жұмыс жүргізіп, кездесу өткізді.
04
сентябрь
2023
"Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Түнгі уақытта көшеде жүру",
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ Білім күніне арналған салтанатты жиыннан соң Жетісу облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының инспекторы  полиция аға лейтенанты Сарсенов Марат Ауелханович оқушылармен "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Түнгі уақытта көшеде жүру", "Есірткінің зияны", атты тақырыптарда профилактикалық жұмыс жүргізіп, кездесу өткізді. Басты мақсат -құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткінің адам өміріне зиянды екенін оқушыға