29
сентябрь
2021
«Буккроссинг»
Мектебімізде оқушылар, ұжым арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасы ұйымдастырылды. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссингсөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.