Голланд әдістемесі бойынша Кәсіпті қалау » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Голланд әдістемесі бойынша Кәсіпті қалау
09
ноябрь
2021

Голланд әдістемесі бойынша Кәсіпті қалау

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ бойынша 9 сынып оқушыларының мамандықты қалауын анықтауға жүргізілген диагностикалық зерттеудің анықтамасы

Зерттеудің мерзімі: 09. 11. 2021ж

Зерттеудің тақырыбы: Голланд әдістемесі бойынша Кәсіпті қалау

Зерттеудің мақсаты:  Адамның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қандай саладағы мамандықтарға жақын екенін анықтау. 

Зерттеудің әдісі: диагностика /тест/

Зерттеуге қатысқан класс: 9

Қатысқаны: 26

Зерттеудің барысы:

Оқушыларға Д.Голланд ұсынған әлеуметтік бағыттылық типін анықтау тестін алдын-ала даярлаған бланкі таратып беріледі.  Бланкіде  әр түрлі мамандықтар жұптастырылып келтірілген. Әр пардан өзіңіз таңдаған немесе жоғары бағалаған мамандықтың біреуін алыңыз.  Жауап парағына оқушылар өз таңдауларын жазады. 

Зерттеудің нәтижесінде:

Қорытындысын өңдеуде зерттелінушінің таңдаған әр жұптағы бірдей әріптер саны есептелініп нәтижесінде әр тип бойынша анықталды. Олар: 

Ескерту: оқушылардың кейбірінде 2 немесе одан да көп типке жатады. 

Оқушының аты-жөні

I

II

III

IV

V

VI

1

Аблан Бауыржан





+


2

Айболат Ерғанат


+





3

Айсаева Томирис



+




4

Амантай Айғаным



+




5

Базарбай Аслан





+


6

Барлықбай Данияр

+



+



7

Бахитжанова Азима



+

+



8

Бесчетвертная Арина



+




9

Досымбекқызы Гульназ

+






10

Жақсыбек Бекжан

+






11

Жанат Айбек




+



12

Жұмабай Еркежан




+

+

+

13

Князбаев Нурбек





+


14

Қажымәлік Лина






+

15

Қайратұлы Дамир

+




+


16

Қасымжан Ернұр

+



+



17

Қуат Айдос





+


18

Мұқамет Талғар




+

+


19

Мұратбек Адалбек



+




20

Сәбитқызы Айым



+




21

Сәкенқызы Сымбат 


+

+




22

Телейгенқызы Зарина






23

Тлекханұлы Ғалымжан






+

24

Тұрсын Дастан 






+

25

Шаханова Аяулым






+

26

Энлыс Жанель



+






5

2

9

6

7

5











Ескерту: кейбір оқушыларда 2 тип кезедеседі


Бұл оқушыларға мынадай мамандық иелері болуға болады:

1.Реалистік тип. Ақиқатқа бағытталған, эмоциясы тұрақты, барлық нәрсеге байсалдылықпен қарайды. Әлеуметтік мақсаттар мен міндеттерді және құндылықтарды мойындайды, нақты объектілермен шұғылданады және оларды пайдалану жолдарын іздеп, құндылықтарын арттырады: заттар, құрал саймандар, аңдар және машиналар. Ол абстрактілі ойлаудан, әлеуметтік қарым-қатынастан өзін алыс ұстайды. Бұл ер адам типі, социалды емес, эмоциясы тұрақты, заманына қарай бейімделе алады. Ол ұжымда белсенділік көрсеткендерді және басшыларды жоғары бағалайды, өзі басқарушы рөліне жоламайды. Маторлық қабілеті мол, физикалық ептілігі жоғары, нақты кәсіппен айналысқанды жөн көреді. Бұл типтер көбінесе математикаға жақын, ауызша сөзге жоқ, психомоторлық жұмыстарға қабілетті. Ол негізінен техника және спорт саласында көп табыстарға жетеді. Бұл тип өкілдері өмірге көзқарасы жайбарақат, шешім қабылдауда басқаларға тәуелді. Олар келсі мамандықтарда шеберлікке тез жетеді: механик, инженер, электрик, агроном, бағбан, жүргізуші және т.б.

2. Интеллектуалды тип. Көпшіл емес, тәуелсіз, өзіндік ерекшелігі бар, қызыққыш, интровертті. Қоршаған орта проблемаларын шешумен айналысады, адамдарға қол ұшын беріп, көмектесуге барлық уақытта даяр.Тұлғаның ақыл-ойы талдамалығымен, ұтымдылығымен, тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Теориялық құндылықтарды жоғары бағалайды, қиялы дамыған, танымдық қабілеттілігі жоғары. Олардың тілдік қатынасқа және вербальды емес қатынастарға қабілеттері бірдей үйлесімді дамыған. Ақыл-ойы нақты, шығармашылық іс-әрекеттер саласында жетістікке жете алады.Әлеуметтік және моторлық дағдылары бірдей дамыған, интеллектуал. Олар ғылыми тұрғыдағы мамандықтарды таңдайды: ботаника, астрономия, физика, математика т.б. фундаментальдық ғылымдармен шұғылданса өте табысты болады.

3. Әлеуметтік тип.Қоршаған ортамен байланыс орнату үшін өз алдына қарым-қатынаста болуды мақсат етіп қояды және өзінің комуникативтік дағдыларын дамыту үшін басқа адамдардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы білімін пайдаланады. Сондықтан қарым-қатынаста айрықша әлеуметтік ептілікті білдіреді. Бұл саладағы өкіл өзінің әлеуметтілігімен, басқаларды тәрбиелеуге қабілеттілігімен, адамгершілігімен, нәзіктігімен, психологиялық көңіл-күйімен ерекше көрінеді. Проблемалы сұрақтарды шешуде интеллектуалды ресурстарға қарағанда эмоциясына, сезіміне көп сүйенеді. Бұл типтегілерге әлеуметтік ортада белсенділік көрсетеді, дегенмен топтардың пікіріне тәуелді. «Ер адам» роліне жарамайды, феминистігі басым. Олардың тіл байлығы жақсы дамыған, бірақ математикалық қабілеті төмен. Мұндай адамдар басқару саласында, өнер және емдеу саласындағы мамандықтарға жақын: дәрігер, мұғалім, психолог, кеңесші, т.б.

4.Конвенциялық тип. Қоршаған ортада қалыптасқан дәстүрлер мен әлеуметтік құндылықтарды, мақсат міндеттерді мойындайды.Бұл типтегілер проблемаға стереотипті, консервативті, тәуелді, сыншыл емес, практикалық және әдептілік көзқараста. Кейбір кездерде кертартпа, нақты және сенімді. Мінез-құлқы байсалды. Оған сөйлеуді және абстракциялануды талап ететін мамандықтары ұнамайды. Конвенциал типтегілер ауызша сөзге жоқ, керісінше есеп қисапқа жақын. Ол шешен немесе жетекші бола алмайды. Шешім қабылдауда басқа адамдарға тәуелді, өмірге қарапайым көзқараста. Ол құрылымдық жағынан нақты іс-әрекеттермен айналысқанды ұнатады:машинопись, бухгалтер, экономист.

5. Тапқыр тип. Белсенділікті,қызбалықты, құлшынысты, ынта жігерді талап ететін міндеттер мен мақсаттарды таңдайды. Ол интеллектуал, іс-әрекеттерінде қиындықтарға шыдамды, тіл байлығы жақсы дамыған, қарым-қатынаста мінез-құлқы байсалды, тіл табысуға икем, өз-өзіне сенімді және агрессивті. Бұл тұлғалар жауапкершілікті мойнына алуды үлкен қажеттілік деп санайды. Олар үшін адам-адам қатынасы шектеулі, қол жұмыстарын және дене күшін талап ететін жұмыстар тиімсіз. Олар басқаларға әсерлі болатын және жоғары статусқа ие болуға жол ашатын қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекеттерде табысты болады, яғни, «ер адамға» тән басқарушы ролін атқара алады: басшы, директор,телеоператор, кәсіпкер, сатушы, артист, журналист,дипломат және т.б. мамандықтарды ұнатады.

6.Артистік тип. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста өз сезімі мен эмоциясын, интуициясы мен қиялын пайдаланады. Проблеманы шешуде өзінің субъективті фантазиясына сенеді, қиялы мен талғамы арқылы іс жүзіне асырады, өмірге көзқарасы күрделі, бірізді емес, шешім қабылдауда тәуелсіз, қатал.Ол эстетикалық құндылықты бәрінен жоғары қояды, көркем шығармашылыққа ұмтылады. Оның негізгі жетістігі- өнер саласы. Бұл нағыз нақтылы тип, сондықтан оның шығармашылығында ең бірінші кезекте моторлық және вербалдық қабілеттері көрініс береді. Оған «ер адам» кәсібі ұнамайды, мысалы: спорт, машина жөндеу және т.б. Артистік типтегілер тіл қабілеті бай болғандықтан өнердің ірі жетістіктерін түсіну, қабылдау, ұғынуға мүмкіндіктері мол.Артист өнерлік бейнелерді қоршаған ортадан алады, шығармашылық дарындылығын дамытады.Ол көпшілікпен күнделікті қарым-қатынаста болудан өзін алыс ұстап интроверттік элементтерін көрсетеді. Бұл артист типтегілерге көп пайда алып келеді, шығармашылықты дамыту үшін оларға балалық «Менін» сақтау, еркін ойлау, өзін сыйлату, және мойындату керек. Оларда өмірлік идеал жоғары болады.Артист шығармашылық мамандықты ұнатады: музыка, сурет, әдеби шығарма, фотосурет және т.б.





Ұсыныс:  

Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты қандай саладағы мамандықтарға жақын екенін айтып беру. 

Оқушыларға  ата-аналарымен мамандық таңдау жөнінде  көбірек әңгімелесу, қызығушылығы бойынша мамандық таңдау

Мамандық таңдау, кәсіби бағдар тақырыбына сынып сағаттарын, тренингтер, кездесулер ұйымдастыру