Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
19
ноябрь
2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 маусымда № 15233 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
 Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 
4-т. қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә. Мақсұтова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 3, 4, 6, 8, 9, 10 және 11 (12)-сыныптар үшін 2017 жылғы 1 қыркүйектен күшіне енетін Қағидалардың 345678910 және 11-тармақтарын, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 1, 2, 5 және 7-сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 және 10-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9 және 11 (12) сыныптар үшін күшіне енетін Қағидалардың 1213141516171819202122232425262728293031 және 32-тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Қағидалардың 345678910 және 11-тармақтары 3, 6, 8 және 10 сыныптар үшін 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін, 4, 9 және 11-сыныптар үшін 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев



Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 6 маусымдағы
 № 265 бұйрығына қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2008 жылғы 18 наурыздағы
 № 125 бұйрығымен бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

      2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

      3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

      4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім:

      6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

      7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;

      8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;

      9) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі

      3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.

      1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

      4. 1-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.

      5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

      Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

      5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша "3", "4", "5" деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

      6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.

      Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

      1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

      7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері білім беру ұйымының мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.

      8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

      9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

      10. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.

      11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

3-тарау. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

      12. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады.

      13. Формативті бағалау оқытудың нақты мақсаттарына білім алушылардың жетуін мониторингтеу және әр білім алушымен сараланған және жеке жұмыстарды одан әрі қалыптастыру үшін жүргізіледі.

      14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді. Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.

      15. "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру" пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның ("Дене шынықтыру") жартыжылдықтың ("Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка") және оқу жылының соңында аталған пәндерден "есептелінді"/ "есептелінген жоқ" деген белгі жазылады.

      16. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) оқу бағдарламасына сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды.

      17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

      18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.

      19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

      Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатылып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

      20. Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу)), білім алушы орта білім беру ұйымына (бұдан әрі – мектеп) қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.

      21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

      22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте күнтізбелік бір оқу жылы сақталады.

      23. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады.

      24. Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.

      Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезінде есепке алынбайды.

      25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

      26. 1-сыныпта жылдық баға жиынтық бағалау нәтижесінің негізінде 3 және 4-тоқсандардың қорытындысы бойынша қойылады.

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.

      27. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсандық жиынтық бағалары нәтижелерінің жиынтығы негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

      5-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағалары жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

      28. Бір немесе екі пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.

      Үш немесе одан да көп пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады.