«Заң мен тәртіп» аясында өткізілген іс-шара
2026 жылғы 10 қыркүйек күні мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз маршрут» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Төлеубаев Медеу Ерикович қатысты. Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, бағдаршамның белгілеріне бағыну, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, жол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.