23
ноябрь
2023
«Ұлттық платформа негізінде аттестаттау процесі автоматтандырылды. "
Педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында педагогтерді аттестаттау ережесіндегі жаңа өзгерістер, туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты ұжымда педагогтерді аттестаудың ережесіндегі өзгерістер туралы жеткізу. «Ұлттық платформа негізінде аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Сонымен бірге, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу, портфолио алып тасталынды. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша ғана тестілеуден өтеді. Педагог-зерттеуші мен педагог-шебердің біліктілік санатын растау алып тасталынды, дегенмен Ұлттық платформа арқылы бақыланатын болады.