02.11.2022 ж 8 сынып ата-аналармен жүргізілген психологиялық тренинг «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында тренинг жүргізілді. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 02.11.2022 ж 8 сынып ата-аналармен жүргізілген психологиялық тренинг «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында тренинг жүргізілді.
02
ноябрь
2022

02.11.2022 ж 8 сынып ата-аналармен жүргізілген психологиялық тренинг «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында тренинг жүргізілді.

02.11.2022 ж 8 сынып ата-аналармен жүргізілген психологиялық тренинг


 «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында тренинг жүргізілді. 


Жанұядағы   ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты жан-жақты талқылай отырып ата-аналардың психологиялық-пелдагогикалық білімдерін көтеру. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Отбасындағы балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беріп, мейірімділікті, сүйіспеншілікті жүректеріне орнату. Осы тренинг арқылы ата-аналар балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі маңыздылығын түсінеді.   

Мақсат:   Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру; ата-ана рухани адамгершілік қасиеттерін бала бойына сіңіріп; баламен дұрыс тіл табысуға, балаға қысым түсірмей, жағымды қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.

Міндеті:

Ата-аналарды балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі маңыздылығын түсінеді.  

Күтілетін нәтиже:

1.ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін арттыру

2. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру

Қатысушылар: 8 сынып ата-аналары 

Сабақты жүргізу форматы:  оффлайн формат 

Сабақты өткізуге белгіленген болжамды уақыт: 40-60 минут.

Пайдаланылатын оқыту әдістері: тақырыптық мұзды жібіту жаттығуы шағын лекция, практикалық жаттығулар, сұрақ-жауап,хат-жазу, кері байланыс. 

Қажетті құралдар: А4 қағазы, қаламсап (қарындаш)

     Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сіздерге өз балаларыңызға хат жазуды өтінемін және бұл туралы балаларыңызға айтпауды өтінемін. 

Шеринг: Бүгінгі тренингттен не алдыңыздар?

Қандай құнды ой түйдіңіз?