«Ұстазы дана болса, шәкірті дара болар» атты дарынды оқушылар слеті-2018 жыл » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұстазы дана болса, шәкірті дара болар» атты дарынды оқушылар слеті-2018 жыл
25
май
2018

«Ұстазы дана болса, шәкірті дара болар» атты дарынды оқушылар слеті-2018 жыл

Мектепішілік «Ұстазы дана болса, шәкірті дара болар» атты дарынды оқушылар слеті салтанатты жиынның жүргізілу бағдарламасы.


Өтілетін орны: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өтетін күні: 24 мамыр 2018 жыл

Байқаудың басталуы: сағат 16.00де

Әуезді жеңіл музыка (фан-фар) ойналады. 

Жүргізуші сахна ортасына шығады


І жүргізуші: Армысыздар, ардақты қонақтар, құрметті ұстаздар, ата-аналар!


ІІ жүргізуші: 

Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
 Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
 Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
 Түлеп ұшты талай – талай азамат.
 Құрметті   қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, оқушылар!

 Мектебімізде өткізіліп жатқан «Ұстазы дана болса, шәкірті дара болар» атты,«Дарын -2018» фестиваліне қош келдіңіздер! 

                                                                   Музыка   

І жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

«Дарын» фестивалінің  салтанатына ортақ болған,

Қонақтарды таныстырып өтейін: 

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Жолдыханов Жандос Бейсенбекұлы

ІІ жүргізуші: Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары      Бақтыбаева Сәулеш Шаймұратқызы

І жүргізуші: Өтенай ауылдық округ әкімі Жетібаев Ерлан Нұржігітұлы 

ІІ жүргізуші: Қалалық маслихат депутаты   Түстікбаев   Бақытай  Қабдолдаұлы

 І жүргізуші: Өтенай ауылдық округ әкімінің орынбасары Құрманбаев  Серікжан Қадырханұлы

ІІ жүргізуші: Облыстық  «Жетісу» газетінің тілшісі Күмісбек Мұхтар  Күмісбекұлы.

І жүргізуші: Ауыл ақсақалы Шойынбасов Амантай ата.

ІІ жүргізуші:  Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Бухарова Шынар Қанатқызы


 І жүргізуші:  Бүгінгі күн ерекше, себебі соңғы үш жылда мектептің абыройын асқақтатып, мектеп қоржынына сүбелі үлес қосқан дарынды, талантты оқушыларымыз бен  олардың ұстаздарын ұлықтау, марапаттау фестивалі.


Қуандық   Рахымның  -  Мен   қазақпын  музыка


ІІ жүргізуші: «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан «Дарын-2018» фестивалінің мақсаты  біртұтас ұлттың  бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашыл патриот және зерделі тұлғасын қалыптастыру.


ІІ жүргізуші: 

Ғылымның сырын ұғына 

                       Шығыңдар білім шыңына.

                       Ұқыптылық пен зеректік

                       Жеткізер сіздердей өренді

                       Жеңістің мынау шыңына, дей келе  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған дарындыларды  қошеметпен  ортаға шақырайық.


І жүргізуші: Халықаралық көркем гимнастикадан өткен ашық турнирде І дәрежелі диплом иесі мектепалды даярлық тобының оқушысы Атаулаева Айару,  «Атадан мұра» қоғамдық қорының 10 жылдық мерей тойына арналған  бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары  арасында ұйымдастырылған халықаралық өнер мен білім  байқауында «Вокал» жанры бойынша өнер көрсетіп ІІ орын иеленген  7 сынып оқушысы Амантай Меруерт. 


І жүргізуші: Республикалық Абай оқулары байқауының  Абай шығармашылығын бейнетаспада үздік жеткізе білгені үшін І,ІІ дәрежелі диплом иегерлері мен облыстық Абай оқуларының   «Жүйріктен жүйрік озар   жарысқанда...» номинациясы бойынша ІІ орын жеңімпазы  ортаға шақырамыз.

  1. Құттыбаев Әділ «Жүйріктен жүйрік, озар жарысқанда» бағыты бойынша І дәрежелі диплом иегері.
  2. Сантерхан Жансая «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты,
  3. Сәрсенхан Мерей, Омарбекова Аружан «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша ІІ дәрежелі диплом иегерлері.


ІІ жүргізуші : Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  ІІ Республикалық оқушылар олимпиадасының жеңімпаздарын шақырайық.

  1. Оқасова Айгерім
  2. Тілеуберді Гүлнұр
  3. Қожанова Карина
  4. Жабаева Айым
  5. Омарбекова Диана
  6. Тұрсынова Перизат
  7. Сұңқарқызы Аружан
  8. Қожанова Дарья
  9. Керімбай Диана
  10. Айсаева Расима
  11. Сантерхан Жансауле
  12. Тілеухан Жанбота

13.Мырзабек Сымбат


ІІ жүргізуші: Республикалық «Біз бақытты баламыз», «Жұлдыз болғың келсе», «Бақытты елдің ұрпағы», «Дарабоз»  атты ән-би байқауларының  жеңімпаздарын ортаға шақырайық.

  1. Бешимбаева Зарина
  2. Сәбитқызы  Айым
  3. Қуаныш Ерсұлтан
  4. Амантай Меруерт
  5. Тұмарбек Елназ
  6. Атаулаева Айару

ІІ жүргізуші: Республикалық«Жас қолөнерші» ,  «Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат», «Қолөнер –ұлттық мұра» байқауларының жеңімпаздары

  1. Сабитқызы Айым
  2. Тілейгенқызы Зарина
  3. Нұрділда Алима
  4. Жанат Алтын
  5. Аянқызы Балжан
  6. Серікжан Адема
  7. Абдрахманова Назия.

І жүргізуші: «Балапан» телеарнасы  ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты республикалық байқау жеңімпазы  Нұрболат Нұрдана


ІІ жүргізуші: Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІ,ІІІ орындарды иеленген жеңімпаздарын шақырайық

  1. Шайзада Толғанай
  2. Молдагерім Аяулым
  3. Берікқали Әнел
  4. Әділқасым Арайлым
  5. Қуаныш Ерсұлтан 
  6. Серикбаев Нұрбол
  7. Ахметбаев Ансар
  8. Несипберген Аянат
  9. Пазыл Шахзода
  10. Мажитова Аргул 


ІІ жүргізуші: Облыстық «Сарын» ән- байқауының  жеңімпаздары,

  1. Серікқали Кәусар
  2. «Көркем-ай» тобы Құндақбай Алсу, Бидайбек Камила, Амантай Меруерт
  3. Тұмарбек Елназ
  4. Атаулаева Айару 

«Астана –Тәуелсіз» елдің тарихында облыстық форумының жеңімпазы  Манатқызы Ақеркені ортаға шақырайық


 І жүргізуші:Облыстық қазақ күресінің 2007-2010 жылы туылған жас өспірімдер арасындағы турнир жеңімпаздарын шақырайық.

  1. Қапышев Әмір
  2. Қуат Айдос
  3. Оқасов Алихан
  4. Азаматұлы Мұхаммеджан 
  5. Мұратбек Адалбек
  6. Қайратұлы Дамир
  7. Серік Ерасыл
  8. Ерікұлы Еркебұлан
  9. Шарибаев Нұрали
  10. Еркінбекұлы Ақжолтай
  11. Жалғау Абай

ІІ жүргізуші: Ортаға қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы, химия пәнінен ІІ орын иеленген Сейітбек Асылжанды шақырайық.


І жүргізуші: Қалалық  «Зерде» байқауының жеңімпаздарын ортаға шақырайық

    1.Аметова Аружан

    2.Тәңірберген Батыр

    3.Несіпберген Аянат

    4.Жеңісбек Нұрайым

    5. Сағатбек Ділназ

     6. Дәлелхан Мұхамметали


ІІ жүргізуші: Жас  ұрпаққа  сапалы білім, саналы тәрбие беру саласында шәкірттеріміздің бойынан шығармашылық, дарындылық қабілеттерін аша білген ұстаздарымызды  қошеметтеп қарсы алайық:


1.Халықаралық , республикалық ,облыстық, қалалық  Абай,Шәкәрім , Мағжан, оқуларының  «Жарқын» болашақ байқауының жеңімпаздарының жетекшісі , жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Тастамбеков Даулетхан Қалдыханұлы.

2. Республикалық ,облыстық, қалалық  Ілияс , Мағжан, оқуларының  «Жарқын» болашақ байқауының жеңімпаздарының жетекшісі , жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Қомпыш Айзат.

3. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ән-би байқауының  жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты музыка пәнінің мұғалімі  Мақажанова Айнұр Асқарбекқызы.

4. Республикалық, облыстық,қалалық «Жас қолөнерші»,»Ұлттық өнер-ұрпаққа аманат», «Қолөнер-ұлттық мұра» байқауларының жеңімпаздарының жетекшісі   жоғары санатты, технология пәнінің мұғалімі Джурумбаева Қарлығаш Рахымжанқызы.

5.Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі  Жанысбаева Даулетгул Алексеевна 

6. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі   Майлаяқова Алмагул Жакенқызы

7. Республикалық бастауыш сынып арасындағы математика, қазақ тілі пән олимпиадаларының  жеңімпаздары, қалалық «Зерде» байқауының жеңімпаздарының жетекшісі, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі Медетбекова Мақпал Амантайқызы

8. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі  

Әділханова Гүлнұр Мұратқызы.

9.Республикалық бастауыш сынып арасындағы математика, қазақ тілі пән олимпиадаларының  жеңімпаздары, қалалық «Зерде» байқауының жеңімпаздарының жетекшісі, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі Тұмарбекова Динара Жайнайбекқызы

10. Халықаралық, республикалық, облыстық ән-би байқауларының жеңімпазының жетекшісі , бірінші санатты , бастауыш сынып мұғалімі  Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы

10. Республикалық ,облыстық, қалалық  жыр мүшайраларының жеңімпаздары мен  мектебіміздің «Жас қанат» үйірмесінің жетекшісі Күмісбек Мұхтар Күмісбекұлы

11. Мектебіміздегі қазақ күресінің  бапкері , облыстық, қалалық  қазақ күресінің жеңімпаздарының жетекшісі  Қабдолаев Мақсат


І жүргізуші:  Құрметті қонақтар, сіздерді «Дарын-2018» фестивалінің құрметті төріне шақырамыз.


ІІ жүргізуші: Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі . Тәуелсіз еліміз қанатын  кере жайып, ел мәдениеті өркендеген кезеңде қазіргі заманда ұлтымызды асқақ , рухымызды көкке көтеретін шәкірттерімізге  арналған   құттықтау сөз Талдықорған  қалалық білім бөлімінің басшысы Жолдыханов Жандос   Бейсенбекұлына беріледі.

«Көркем-ай» триосының  орындауында«Мектебім»   әнін қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талапты шәкірттерімізге ақ тілегін арнау үшін сөз мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызына беріледі


ІІ жүргізуші: 

Ұстазы талантты болса,Шәкірті талапты болады    дей келе, ұстаздарға,дарынды оқушыларға араналған құттықтау  сөз кезегі Өтенай ауылдық округ әкімі Жетібаев Ерлан Нұржігітұлына беріледі

І жүргізуші: 

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз- дей отырып құттықтау сөз  қалалық мәслихат депутаты  Түстікбаев Бақытай   Қабдолдаұлына     беріледі.


ІІ жүргізуші:   Дарындылық әр шәкірттің бойында бар қасиет. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оны айқындау  арқылы «Дарын-2018» фестивалінің қорытындысы негізінде   мектеп әкімшілігінің  төмендегі номинацияларын анықтау  кезегіде келді. 


 І-жүргізуші:  Жыл қорытындысы бойынша  Бақытжан Айдана, Елтай Ақмарал, Базарбай Маржан  атты  үздіктеріміздің ішінен топ жарып шыққан «Жылдың үздік оқушысы-2018» номинациясын тапсыру  рәсімі  Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Жолдыханов Жандос Бейсенбекұлына беріледі.(Оқушыны марапаттап болып кетіп бара жатқан кезде оқу)


Мектебіміздің мақтанышы , үздік оқушы «Алтын белгіге» үміткер 11 сынып оқушысы Елтай Ақмарал.



Ән: «Қазақтың баласы» Орындайтын  Бақытжан Бекасыл


ІІ жүргізуші:  Жыл қорытындысы бойынша Тұмарбек Елназ, Атаулаева Айару, Саржан Алмаш  сынды үздіктеріміздің үздігін анықтайық .«Жас талант-2018»  номинациясын тапсыру  рәсімі Өтенай ауылдық округ әкімі Жетібаев Ерлан Нұржігітұлына беріледі.


(Халықаралық көркем гимнастика , Республикалық «Біз бақытты баламыз» байқауының , облыстық «Сарын» ән-   байқауының  жеңімпазы  мектепалды даярлық тобының оқушысы Атаулаева Айару)


І жүргізуші:  Абай,Шәкәрім, Ілияс, Мағжан оқуларының үздіктері Сәрсенхан Мерей, Сейтбек Асылжан, Манатқызы Ақерке жеңімпаздарының  ішінен топ жарған   «Сегіз қырлы, бір сырлы»   номинациясын  тапсыру қалалық маслихат депутат   Түстікбаев  Бақытай  Қабдолдаұлына    беріледі.


Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  ІІ Республикалық оқушылар олимпиадасының, «Астана –Тәуелсіз» елдің тарихында облыстық форумының жеңімпазы  8 сынып оқушысы Манатқызы Ақерке


Жеңімпаздарымыздың құрметіне  Халықаралық, республикалық байқауларының лауреаты Амантай Меруерттің орындауында «Егемен ел» әнін қабыл алыңыздар


ІІ жүргізуші:   Жыл қорытындысы бойынша «Жүйріктен жүйрік ,озар жарысқанда» байқауларының жеңімпаздары  Құттыбай Әділ, Омарбекова Аружан, Сансерхан Мерей сынды шәкірттеріміздің ішіндегі  топ жарған үздігіне «Жас қаламгер-2018» номинациясын тапсыру рәсімі облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Күмісбек Мұхтар Күмісбекұлына беріледі. 


Халықаралық «Заманауи ғылымының басымдықтары : теориядан тәжірибеге» атты    ғылыми конференцияда жоғары шығармашылық қабілет иесі, облыстық Абай оқуларының  «Жүйріктен жүйрік озар  жарысқанда...» номинациясының жеңімпазықалалық «Абай, Шәкәрім оқуы», «Ілияс оқуы», «Мағжан оқуы» байқауының  жеңімпазы 9 сынып оқушысы Құттыбаев Әділ


 І жүргізуші:  Жылдың жас өнерпаздары Тұмарбек Елназ,   Сабитова Айым, Амантай Меруерт сияқты үздіктеріміздің үздігіне «Жас өнерпаз -2018»  номинациясын  тапсыру рәсімі  Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысынң орынбасары Бақтыбаева Сәулеш Шаймұратовнаға беріледі.


Республикалық «Біз бақытты баламыз» байқауының , облыстық «Сарын» ән-  байқауының   жеңімпазы Тұмарбек Елназ


Байқау жеңімпаздарының құрметіне ән    «Мәңгілік ел» орындайтындар Сабитқызы Айым мен Серікқали  Кәусар.


ІІ жүргізуші:  «Зерде»,байқауларының жеңімпаздары Аметова Аружан, Жабаева Айым, Базарбай Аружанның ішінен  топ жарып  алға шыққан үздігі «Жас ғалым-2018» номинациясын тапсыру рәсімі  Өтенай ауылдық округ әкімінің орынбасары Құрманбаев   Серікжан Қадырханұлына беріледі.


Қалалық  «Зерде» байқауының жеңімпазы,  6 сынып оқушысы Аметова Аружан 


  Барлық байқау жеңімпаздарының құрметіне  Зәрутай Темірланның орындауындағы  «Жаным   қазақ» ән шашуын  қабыл алыңыздар.


І жүргізуші:  Мектебіміздегі   « Жас қанат» үйірмесіне қатысып, республикалық, облыстық жыр мүшайралар мен оқуларға белсене қатысқан оқушыларымызды Алматы облыстық  «Жетісу» газетінің  бас редакторы Әміре Әріннің марапаттауын тапсыру үшін ортаға «Жетісу» газетінің тілшісі Күмісбек Мұхтарды шақырамыз. (Айгерім грамоталарын сен оқып беріп тұрасың)

1.Сейтбек Асылжан

2.Құттыбаев Әділ

3.Байзақов Думан

4.Қожанова Дарья

5.Омарбекова Аружан

6.Манатқызы Ақерке

ІІ жүргізуші : Республикалық «Мәртебе kz» сайтының марапаттауын  тапсыру рәсіміне кезек берейік. Алматы облысы , Талдықорған қаласы , «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Жылдың үздік оқушысы-2018» номинациясының иегері, «Алтын белгіге» үміткер, мектебіміздің мақтанышы  11 сынып оқушысы Елтай Ақмаралға Республикалық «Мәртебе kz» сайтының төс белгісін тапсыру рәсімі  облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Күмісбек Мұхтар Күмісбекұлына беріледі.


І жүргізуші: «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан   оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың заманға сәйкес жаңғыру міндеті  барлық кезеңдерде көшбасшылық  болып   саналады. 

 «Білікті маман – білімді ұрпақтың барометрі» дегендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, шәкірттерін биік шыңдарға жетелеп жүрген,ерен еңбек иелері ұстаздарымыздыда марапаттайтын кез келді.


ІІ жүргізуші:

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем   дегендей, шәкірт бойына білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді дарытып, шығармармашылықпен еңбек етіп,    ұстаздарымызды  марапаттау  үшін   ортаға   Талдықорған қалалық  білім   бөлімінің басшысы  Жандос   Бейсенбекұлы  мен  мектеп   директоры  Рахила  Молдағалиқызын  ортаға   шақырамыз. 


1.Халықаралық , республикалық ,облыстық, қалалық  Абай,Шәкәрім , Мағжан, оқуларының  «Жарқын» болашақ байқауының жеңімпаздарының жетекшісі , жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Тастамбеков Даулетхан Қалдыханұлы.

2. Республикалық ,облыстық, қалалық  Ілияс , Мағжан, оқуларының  «Жарқын» болашақ байқауының жеңімпаздарының жетекшісі , жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Қомпыш Айзат.

3. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ән-би байқауының  жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты музыка пәнінің мұғалімі  Мақажанова Айнұр Асқарбекқызы.

4. Республикалық, облыстық,қалалық «Жас қолөнерші»,»Ұлттық өнер-ұрпаққа аманат», «Қолөнер-ұлттық мұра» байқауларының жеңімпаздарының жетекшісі   жоғары санатты, технология пәнінің мұғалімі Джурумбаева Қарлығаш Рахымжанқызы.

5.Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі  Жанысбаева Даулетгул Алексеевна 

6. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі   Майлаяқова Алмагул Жакенқызы

7. Республикалық бастауыш сынып арасындағы математика, қазақ тілі пән олимпиадаларының  жеңімпаздары, қалалық «Зерде» байқауының жеңімпаздарының жетекшісі, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі Медетбекова Мақпал Амантайқызы

8. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының, бастауыш сынып  пән олимпиадаларының   жеңімпаздарының жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі  

Әділханова Гүлнұр Мұратқызы.

9.Республикалық бастауыш сынып арасындағы математика, қазақ тілі пән олимпиадаларының  жеңімпаздары, қалалық «Зерде» байқауының жеңімпаздарының жетекшісі, бірінші санатты, бастауыш сынып мұғалімі Тұмарбекова Динара Жайнайбекқызы

10. Халықаралық, республикалық, облыстық ән-би байқауларының жеңімпазының жетекшісі , бірінші санатты , бастауыш сынып мұғалімі  Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы

10. Республикалық ,облыстық, қалалық  жыр мүшайраларының жеңімпаздары мен  мектебіміздің «Жас қанат» үйірмесінің жетекшісі Күмісбек Мұхтар Күмісбекұлы

11. Мектебіміздегі қазақ күресінің  бапкері , облыстық, қалалық  қазақ күресінің жеңімпаздарының жетекшісі  Қабдолаев Мақсат


ІІ жүргізуші: Ұстаздарымыздың құрметіне   Сәбитқызы Айымның   орындауында   «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар

І жүргізуші:   Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген  ұстаздарына, әкелеріне, аналарына, әжелеріне, аталарына қамқор, зерек, шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

 Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

 Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

 Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Жақсы шәкірт Азамат атанады.

Халқынан , ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырамыз  ата- ананы – дей келе, жеткіншек   ұрпаққа  аманат  ретінде,    бата  беру  ауыл   ақсақалы Амантай атаға беріледі.

 ІІ -жүргізуші:

 Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым! Дей  келе, бүгінгі   жүзден  жүйрік, мыңнан  тұлпар   атанған номинанттарға  сөз  кезегін   береміз. 

 Жылдың « Жас  қаламгер-2018»  номинант   иегері Құттыбаев  Әділді  ортаға   шақырамыз.

 (Өлең оқиды) 

Жылдың  «Жас талант-2018» номинант иегері Атаулаева Айарудың өнерін тамашалайық

Барлық «Дарын-2018» фестивалінің  қонақтарына, жеңімпаздарына, ұстаздарымызға   арналған  Назаров Нұржанның орындауында «Ғашықпын бәріңе» ән шашуын қабыл алыңыздар.

І-жүргізуші:    Осымен, бүгінгі    «Дарын-2018»   фестивалін жабық деп   жариялаймыз! Тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!