«Дарынды бала- дара бала 2021 » атты дарынды оқушылар фестивалі » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Дарынды бала- дара бала 2021 » атты дарынды оқушылар фестивалі
21
май
2021

«Дарынды бала- дара бала 2021 » атты дарынды оқушылар фестивалі

Мектепішілік «Дарынды бала- дара бала » атты дарынды оқушылар  фестивалінің   салтанатты жиынның жүргізілу бағдарламасы.


Өтілетін орны: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өтетін күні: 24мамыр 2021 жыл

Байқаудың басталуы: сағат 10.00де

                                                                     Безендіруге жауапты:  Жас мамандар. 


Әуезді жеңіл музыка (фан-фар) ойналады

Жүргізушілер  сахна ортасына шығады

І жүргізуші: Армысыздар, ардақты қонақтар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!


ІІ жүргізуші: 

Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат

Тынысы мен тіршілігі ғаламат

Бала шақтан  болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай, талай азамат

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және  оқушылар!

Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынды аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау, жылдың дарынды оқушыларын ұлықтау  мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Дарынды бала – дара бала» атты «Дарын -2021» жетістіктер фестиваліне    қош келдіңіздер!


І жүргізуші:                                                               

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін. 

«Дарынды бала- дара бала » атты фестивалінің 

Қонақтарын  таныстырып өтейін: 

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Барманова Роза Серікқызы.

ІІ жүргізуші: Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары     Бақтыбаева Сәулеш Шаймұратқызы.


І жүргізуші:  Талдықорған қалалық  білім бөлімі «Білімді дамыту  оқу –әдістемелік орталығының» әдістеме кабинетінің аға әдіскері Садуақасова Мария Құрмашқызы.


ІІ жүргізуші: Өтенай ауылдық округінің  әкімі Абишев Жаннұр. 




 І жүргізуші: Талдықорған қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасының міндетін атқарушы  Естыбаев Нариман Естыбайұлы.

ІІ жүргізуші: Ауыл ақсақалы Жиембаев Тұмарбек ата.

І жүргізуші:  Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Ибадуллаева Салтанат Сарсенбаевна, ардагер ұстаздарымыз  Сағатбекова Ғазиза Зиятайқызы, Қияхметова Гулнар Асқарбаевна, Ақыт Зауреш, Нұрабаева Жұмагул, Нөгербеков Өміржан Исайынұлы, Манен Айбарша, Билібаева Сауле Сатыбалдықызы, Жанысбаева Даулетгул Алексеевна, Тулекова Жанат Төлтайқызы.


І Блок «Даналық негізі-ғылым»

І жүргізуші: Бойдағы білім шын зейнет,

                        Жұмсағанмен таусылмас-  демекші, еліміз өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

ІІ жүргізуші: «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан «Дарынды бала – дара бала» атты «Дарын-2021» фестивалінің   мақсаты - бәсекеге қабілетті, сындарлы, сыни тұрғыдан ойлап, сыни пікір айта алатын шығармашыл патриот және зерделі, зияткер  тұлға қалыптастыру.

І жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше, себебі мектептің абыройын асқақтатып, мектеп қоржынына сүбелі үлес қосқан бүгінгі күннің куәгерлері   мектебіміздің намысын қорғап жүрген   дарынды, талантты оқушыларымыз бен   олардың ұстаздарын ұлықтау, марапаттау фестивалі.

Олай болса, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған дарындыларымызды қошаметпен ортаға шақырайық.

ІІ жүргізуші:  2020 – шы  жылы бастау алған «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған жалғыз бағдарлама. Бағдарлама жеті негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерліқ, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Осы жобаның волонтерлік бағыты бойынша   «Елбасы медалі» жобасының қола медалінің иегері 10  «Ә» сынып оқушысы Омарбекова Диана. 


І жүргізуші: 7-9 жас кіші топ Халықаралық хореография би байқауында «Бас жүлде» ие болған 5сынып оқушысы – Құдайберген Балнұр.


І жүргізуші:  ХІІІ Халықаралық «ALLASH STAR» өнер сайысына «ХОРЕОГРАФИЯ» номинациясы бойынша қатысып, асқан талантымен үздік өнер көрсеткен өнерпаз  сынып оқушысы Нұрболат Қарақат.

ІІ жүргізуші:   Каратэ WKF – тен Кенес Одағының Батыры М. Маметованы еске алуға арналған жасөспірімдер, кадеттер, юниорлар және ересектер арасындағы VI Халықаралық турнирде «Бірінші» орын, Әлем чемпионы Әшім Қалидыңжүлдесіне арналған 20 – шы мерейтойлық «AKTOBE JPEN 2021» Республикалық турнирінде «БІРІНШІ» орынға ие болған 7 –ші сынып оқушысы Мажитова Аргуль.


І жүргізуші: Әл-Фараби атындағы Халықаралық олимпиада ІІ орын иеленген 9-сынып оқушысы Төлепберген Данабек. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі – Кульжабекова Айгерим Жаксыгелдиновна.


ІІ жүргізуші: Международный конкурс «Русский медвежонок – языкозвание для всех» ІІ место Жанат Айбек, ІІІ место Айсаева Томирис 8-сынып. Жетекшісі – орыс тілі пәнінің мұғалімі – Нуртаева Гузель Касымовна.

І жүргізуші: математика пәнінен Халықаралық 2-4 сыныптар арасында «Величины и их измерения» байқауында І орын иеленген 4-сынып оқушысы Бағдат Ислам. жетекшісі - Майлаякова Алмагуль


І жүргізуші:   «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Хореография» номинациясы бойынша  және  Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген аймақтық «БАЛА ӘЛЕМІ – 2020» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп «Бас жүлде» иеленген 3 «А» сынып оқушысы Тұмарбек Елназ. 


ІІ жүргізуші: «Кемел» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы» атты мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері арасында мәнерлеп оқудан өткен Республикалық байқауда І Дәрежелі дипломмен марапатталған Талғат Асылай.


І жүргізуші: «Жас Дарын» дарынды балалар орталығы қашықтықтан ұйымдастырған республикалық «Самға Самұрық» байқауында «Көркемсөз» аталымы бойынша Бас жүлде иегері – Білімханқызы Айсұлу.   


І жүргізуші: Республикалық Ұлттық Интернет NiO.kz қашықтық олимпиадасынан І, ІІ және ІІІ  жүлделі орын иегерлері «Талаптылар» командасын шақырамыз: 

1.     Серікқали Елжан

2.     Даутбекова Інжу

3.     Құрманшарип Мадияр 

4.     Есентай Зере

5.     Манарбек Іңкәр 

6.     Білімханқызы Айсұлу

7.     Қамбар Арсен

8.     Асанқызы Алана

9.     Қуаныш Әли

10.Қуаныш Абылай

11.Бақытжанұлы Бекасыл

12.Темірханқызы Арайлым

13.Сауыт Жанерке

14.Сәбит Азамат

15.Сембаева Гаухар

16.Тұрғанбай Данияр

17.Амантай Айғаным

18.Әшім Ердос

19.Мажитова Аргул

20.Айсаева Томирис

21.Сырмақбаева Дильназ

22.Бағланұлы Ерсін


ІІ жүргізуші:  Республикалық Ұлттық Интернет TIO.kz қашықтық олимпиадасынан І, ІІ және ІІІ  жүлделі орын иегерлері «Алғырлар» командасын шақырамыз: 

1.     Жиембай Ақниет

2.     Тауданбекқызы Айша

3.     Аятқызы Сезім

4.     Төлеутай Нұрали

5.     Серікқали Елжан

6.     Балтабек Арсен

7.     Айдосқызы Аружан

8.     Амангелді Айзере 

9.     Энлыс Али

10.Талғат Жәнібек

11.Атығай Алдияр

12.Ғалымқызы Инкар

13.Ержан Ернұр

14.Қайырды Ания

15.Алтай Расима

16.Ерназар Рамазан

17.Темірбек Қарақат

18.Хэзэнбай Серикбол

19.Зейнелқаби Аяжан

20.Серік Сезім

21.Қуаныш Ержігіт

22.Асан Айзере

23.Сапи Нұрасыл

24.Жаңбырбай Досжан

25.Жанарбекқызы Семанур

26.Толегенов Жигер

27.Дүйсенбекқызы Қарақат

28.Тұрсынхан Али

29.Қауанұлы Ержанат

30.Өнербек Алима

31.Фархадқызы Назерке 

32.Темірханқызы Арайлым


І жүргізуші: Республикалық «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»  өлеңін оқудан жүлделі І, ІІ орын иелеген 2 А сынып оқушылары: Тұмарбек Амина, Жұмабай Жаннұр; Мектепалды даярлық сыныбынан – Советхан Кәусар, Мәдетхан Айдидар, жетекшісі- Ысқақова Ақерке Мұратқызы.


«Бейбітшілік – ел тірегі» атты сурет байқауыныда І, ІІ, ІІІ орын иеленген «Жас суретшілеріміз» 

2а сынып – Қамаров Алдияр, Қамзай Алинұр І орын, Мұхит Нұрдәулет ІІ орын,  Серғали Иманғали ІІІ орын, мектепалды даярлық сыныбынан Серікқызы Айша І дәрежелі


ІІ жүргізуші: Республикалық «ДАРА БАЛА»  журналының қолдауымен ұйымдастырылған мектеп жасындағы балалар арасында өткен «Жас дарын» байқауыда «Дара бала» Абай оқуларынан І Дәрежелі диплом мектепалды даярлық сыныбының оқушылары- Мәдетхан Айдидар мен Энлыс Назерке, «Дара бала» қол өнер номинациясы бойынша Күнболат Аяулым, Советхан Кәусар ІІІ орын.


ІІ жүргізуші:  «Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік мекемесі Ганболдан 2003 -2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионатында ІІ – орын   иеленген 6 «А» сынып оқушысы Даулетбай Бақты, 6 «Ә» сынып оқушысы Жанарбекқызы Назгуль, 6 «Ә» сынып оқушысы Сәпи Кәусар, 5 «А» сынып оқушысы Бақытхан Азамат, 5 «А» сынып оқушысы Қуат Дарын, 5 «Б» сынып оқушысы Несіпберген Айзат.


І жүргізуші:  «Алматы облысы білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы Ганболдан 7 – 8 сынып қыздар арасында облыстық «Ұшқыр доп» Ұлттық мектеп лигасында ІІІ – орын   иеленген 6 «А» сынып оқушысы Даулетбайқызы  Бақты, 6 «Ә» сынып оқушысы Жанарбекқызы Назгуль, 6 «Ә» сынып оқушысы  Сәпи Кәусар, 5 «Б» сынып оқушысы Несіпберген Айзат, 4 «А» сынып оқушысы Мұратбекқызы Арайлым, 3 «Ә» сынып оқушысы Тілегенқызы Назым, 5 «Б» сынып оқушысы Қуанышқызы Жансая, 5 «Ә» сынып оқушысы Нүрділдә Алима, 6 «А» сынып оқушысы Нұрақын Ақниет, 5 «Б» сынып оқушысы Несіпберген Айзат. 

Жетекшісі: 


ІІ жүргізуші: «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша «Білім бөлімі» ММ» Оқушылар сарайы» МКҚК «Адал ұрпақ – Мәңгілік ел ұрпағы» тақырыбында пікірсайыс ойынына қатысқаны үшін «Дебаттық қозғалыс» үйірмесінде ІІ – орын иеленген 8 сынып оқушысы Қажымәлік Лина.


І жүргізуші: Қалалық пән олимпиадасының жүлдегерлерін ортаға шақырамыз:

1.     Математика пәні бойынша ІІІ орын Сабитқызы Арай, жетекшісі – Шалқыбекова Венера Тлеужановна;

2.     Химия пәні бойынша ІІІ орын Окасова Айгерим, жетекшісі – Нүсіпова Гузель Маратқызы;

3.     Орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын Мұхтарқызы Сабира, жетекшісі- Азимова Фарида Ислямовна.


ІІ жүргізуші: Қалалық 7-8 сыныптар аратындағы Жасөспіріпімдер олимпиадасында алдынғы қатардан көрінген оқушылар қарсы алыңыздар:

  1. Информатика пәнінен ІІ орын 7 сынып оқушысы – Пазыл Шахзода, жетекшісі – Изтлеуова Каламкас Сабитқызы;
  2. Химия пәнінен ІІ орын 8-сынып оқушысы – Энлыс Жанель, жетекшісі- Нүсіпова Гузель Маратқызы;
  3. Математика пәнінен ІІІ орын 7 сынып оқушысы- Несіпберген Аянат, жетекшісі – Шалқыбекова Венера Тлеужановна;
  4. География пәнінен Диплом иелеген 8-сынып оқушысы – Жұмабай Еркежан, жетекшісі – Бауберикова Меруерт Тлектесовна.


 І жүргізуші: Қалалық 5-6 сыныптар арасында Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің жүрдегерлері:

  1. І орын жаратылыстану пәнінен 6 А сынып оқушысы – Жұмабай Әділжан, жетекшісі – Жакбаева Эльмира;
  2. І орын математика пәнінен 5 А сынып – Темірбек Едіге, жетекшісі-Шалқыбекова Венера Тлеужановна;
  3. ІІ орын ағылшын тілі пәнінен 5 Б сынып – Балхаш Амина, жетекшісі – Асетова Айжан Нурлановна;
  4. ІІІ орын Қазақстан тарихы пәнінен 5 Ә сынып – Нүсіпахмет Арнур, жетекшісі – Өскембаева Ерасыл Серікбайұлы.


ІІ жүргізуші: Қалалық ХХІІ Абай оқуларынан ІІІ орын иеленген 10 А сынып оқушысы – Нүсіпахмет Айтолқын, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастамбеков Даулетхан Калдыканович.



ІІ.Блок «Дарынды балаларға-талантты ұстаз»

ІІ жүргізуші:  Иә,   Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады. Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас, қанына біткен дарынын аша білген ұстаздарымыз аз емес. Десек бүгінгі құрмет,бүгінгі сый сіздерге арналады құрметті талантты тұлға тәрбиелеуші дарынды ұстаздар.

І жүргізуші: Жас   ұрпаққа  сапалы білім, саналы тәрбие беру саласында шәкірттеріміздің бойынан шығармашылық, дарындылық қабілеттерін аша білген ұстаздарымызды   қошеметтеп қарсы алайық. Биылғы оқу жылында мектеп ұжымының  қоржыныныа түскен елеулі   жетістіктері   де жоқ емес. 


І жүргізуші: Мектебіміздің  мерейін үстем етіп, мәртебесін көтергенқалалық «Өзін-өзі тану -2021» байқауынан ІІ орын жеңімпазы мектеп психологы Туйебаева Гульнур Уркімбайқызы.

ІІ жүргізуші: Қалалық «Педагогикалық дебют-2021» байқауының бас жүлде жеңімпазы математика пәнінің мұғалімі Төлеутай Ерсін Алтайұлы.



Халықаралық «Русский медвежонок – языкозвание для всех» байқауы және қалалық «Зерде» ғылыми жоба конкурсы,   Республикалық Ұлттық Интернет    қашықтық олимпиадасынан  орыс тілі пәні бойынша жеңімпаздарының жетекшілері педагог-зерттеуші орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері   Азимова Фарида Ислямова, Андосова Айгул Нугумаровна, Нуртаева Гузель Касымовна.



 І жүргізуші: Жоғарғы сыныптар бойынша Республикалық Ұлттық Интернет НИО, ТИО  қашықтық олимпиадасы байқауының жеңімпаздарының жетекшілері география пәнінің мұғалімдері   Бауберикова Меруерт Тлектесовна, Жакбаева Эльмира Кадылетовна, информатика пәнінің мұғалімі Дюсенова Зарема Жетыбаевна.


ІІ жүргізуші:   Республикалық Ұлттық Интернет қашықтық олимпиадасы бастауыш сынып арасындағы математика, қазақ тілі, жаратылыстану пән олимпиадаларының  жеңімпаздарының жетекшілері Абдувалиева Гулзада Салихжанқызы, Медетбекова Мақпал Амантайқызы, Айтқали Қаламқас Әшімқызы, Чаймұрат Қуандық, Манапбаева Диляра, Хабай Санахан. 


ІІ жүргізуші: Қалалық пән олимпиадаларының жүлдегерлерінің жетекшілері математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы  Шалқыбекова Венера Тлеужановна, химия пәнінің мұғалімі Нүсіпова Гузель Маратқызы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Азимова Фарида Ислямовна.


І жүргізуші: Қалалық 7-8 сыныптар арасындағы Жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлерінің жетекшілері информатика пәнінің мұғалімі Изтлеуова Қаламқас Сабитқызы, химия пәнінің мұғалімі Нүсіпова Гузель Маратқызы, математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы  Шалқыбекова Венера Тлеужановна.


ІІ жүргізуші: 5-6 сыныптар арасында Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіндегі жүлдегерлердің жетекшілері жаратылыстану пәнінің мұғалімі Жакбаева Эльмира, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асетова Айжан, математика пенінің мұғалімі Шалқыбекова Венера.


І жүргізуші: Қалалық ХХІІ Абай оқулары байқауының жеңімпазы жүлдегерінің жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші – Тастамбеков Даулеткан Калдыканович.

І жүргізуші: Қалалық «Үздік әзіренген флипчарт-2019» байқауының жеңімпазы химия пәнінің мұғалімі Нүсіпова Гузель Маратқызы


ІІ жүргізуші: Қалалық «Үздік инновациялық шет тіл сабағы» сырттай байқауының ІІІ орын жеңімпазы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 Сағындыкова Гулім Алмасбайқызы.


ІІІ.Блок «Жаңашыл сабақ негізі - ізденісте»

І жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестірдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей


Әр сабаққа кіресің сен сыйынып

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп


ІІ жүргізуші:

Жалын атып от боп бірге жанасың

Білім беріп содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Оқушының ең сенімді ұстазы,сыр жасырмас ашық айтатын адамы-мұғалім деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, мектептің тірегі де, тілегі де мұғалім демекші 

 мектепішілік «Үздік сабақтар-2019» байқауының жеңімпаздарын ортаға шақырайық:

І жүргізуші: «Үздік сабақ -2019» байқауының бас жүлдегері   бастауыш сынып мұғалімі Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы

ІІ жүргізуші: «Үздік сабақ -2019» байқауының І орын жеңімпаздары:

Джурумбаева Қарлығаш Рақымжанқызы- технология пәнінің мұғалімі;

Изтлеуова  Қаламқас Сабитқызы – информатика пәнінің мұғалімі;

Мукушев Аян Есентайұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалім.

Қомпыш Айзат -  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Құдайбергенов Мирас Алмасұлы- физика пәнінің мұғалімі;


І жүргізуші: «Үздік сабақ -2019» байқауының ІІ орын жеңімпаздары:

Иманкалина Анар Калибековна- бастауыш сынып мұғалімі

Мақажанова Айнұр Асқарбекқызы- музыка пәнінің мұғалімі

Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы – тарих пәнінің мұғалімі, жас маман

Нүсіпова Гузель Маратқызы – химия пәнінің мұғалім


ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, еліміздегі түбегейлі   өзгеріс, жаңалық сәулесі –мектеп, оқушы,ұстаздар арасында да кеңінен қолдау табуда. Ең басты маңызды мәселе – ұстаздар арасында шығармашылық жолдың ашылуы. Міне осыған байланысты қазір сабақтың көптеген тиімді түрлері, тәжірибеге кеңінен еніп отырСіздердің толағай еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Ұстаздар құрметіне бір музыкалық ән шашу. 

Ұстаздар құрметіне ән –шашу «Ардақты менің ұстазым» Орындайтын Серікқкали Каусар


V. Блок « Мектеп өміріндегі – ата-ана»

І жүргізуші: 

Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ал, үйдегі тәрбие әрине ата-ананың еңбегі. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қанатты қағидасын ескеретін болсақ, өнерлі де білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегінің қатар жүретіні анық. Мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысып , ата-ана қоғамдастығында белсенділік танытқан, жанашыр ата-аналарды атап өтсек дейміз.

 ІІ жүргізуші: Беспаева Мадина

І жүргізуші: Қасымова Анар

ІІ жүргізуші: Ибрагимова Гулбаршын

І жүргізуші:  Құрметті қонақтар, сіздерді «Дарын-2019» фестивалінің құрметті төріне шақырамыз.


ІІ жүргізуші Дарынды жас- елдің болашағы,баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды шәкірттерімізге  арналған   құттықтау сөз Талдықорған  қалалық маслихат депутаты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Түстікбаев Бақытай Қабдолдаұлына беріледі.

І жүргізуші: Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талантты шәкірттерімізге ақ тілегін арнау үшін сөз мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызына беріледі


ІІ жүргізуші

 Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,

 Өнегеңнен  барлық шәкірт нәр алған.

 Шапағаты шуақ сепкен ұстаздар,

 Өздеріңмен бастау алар бар арман, дегендей дарындылық әр шәкірттің бойында бар қасиет. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оны айқындау  арқылы «Дарын-2019» форумының  қорытындысы негізінде  мектеп әкімшілігінің  төмендегі номинацияларын анықтау  кезегі де келді.


І-жүргізуші:  Жыл қорытындысы бойынша   үздіктеріміздің ішінен топ жарып шыққан   жылдың  «Үздік маман -2019» номинациясын тапсыру  рәсімі   Талдықорған қалалық кәсіподақ   ұйымының төрағасы  Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлына беріледі

( конвертті ашып мұғалімнің атын оқып болып мұғалім шығып келе   жатқанда  оқып тұрасыңдар)


(Қалалық «Үздік психолог-2019» байқауының  бас жүлде жеңімпазы,  облыстық «Үздік психолог-2019» байқауынан  ІІ орын жеңімпазы мектеп психологы, жас маман  Кенжеханова Салтанат Дүйсенханқызы)


ІІ жүргізуші: Жыл қорытындысы бойынша   жыл үздігіне «Үздік  ұстаз -2019» номинациясын тапсыру  рәсімі Талдықорған қалалық кәсіподақ  ұйымының төрағасы  Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлына берілед.

і

(Қалалық «Үздік  жас маман-2019» байқауының  бас жүлде жеңімпазы,  мектепішілік  «Үздік сабақ-2019»» байқауының  ІІ орын иегері тарих пәнінің мұғалім, жас маман  Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы)


І жүргізушіЖыл қорытындысы бойынша   шәкірттеріміздің ішіндегі  топ жарған үздігіне «Жас талант-2019» номинациясын тапсыру  рәсімі Талдықорғанқалалық  білім бөлімінің әдіскері Жүнісова Ләззат Ниетханқызына беріледі.

(Республикалық Ұлттық Интернет   қашықтық олимпиадасынан  орыс тілі пәнінен , қазақ тілі пәнініен І дәрежелі диплом иегері 5 сынып оқушысы Қабдоллаұлы Нұрғали)


ІІ жүргізуші: Жыл қорытындысы бойынша   «Жылдың үздік   оқушысы-2019» номинациясын тапсыру  рәсімі   Талдықорған қалалық маслихат депутаты, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы    Түстікбаев  Бақытай  Қабдолдаұлына   беріледі.

(Оқушыны марапаттап болып кетіп бара жатқан кезде оқу оқып тұру керек)

(Халықаралық Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасына арналған «Мәңгілік ел-Қазақстаным!» атты өнер байқауында көркемсөз оқудағы дарынды шеберлігі үшін Бас жүлде жеңімпазы, Облыстық «Әдебиет білгірі» олимпиадасының бас жүлде  жеңімпазы , қалалаық Абай,Шәкәрім, Мағжан оқуларының жеңімпазы   10 сынып оқушысы Құттыбаев Әділ,)


І жүргізуші: Жыл қорытындысы бойынша «Жүйріктен жүйрік ,озар жарысқанда»   дегендей шәкірттеріміздің ішіндегі   топ жарған үздігіне «Жас қаламгер-2019» номинациясын тапсыру рәсімі  мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызына беріледі.


(Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті  олимпиадасының І орын жеңімпазы «Қазақстан үміті» төс белгісінің   иегері  5 сынып оқушысы Айтмұхан Нұрай)


Ән: «Өнерге ғашық баламын»  Орындайтын  Бақытжан Бекасыл


ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар  Министрлігінің дипломымен ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі ізденімпаздығы мен жаңашылдығы  үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының  иегері, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпаздарын Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада ұйымдастыру  комитетінің арнайы дипломын тапсыру   мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызына беріледі.


(Шалқыбекова В.Т, Нүсіпова Г.М)


І жүргізуші:  Шәкірттеріміздің   бойынан шығармашылық пен дарындылықты аша білген ұстаздарымызды  қалалық   кәсіподақ атынан   марапаттауды  тапсыру рәсімі  қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы  Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлына беріледі

(Шаекенова Ж.Қ, Қасымова Н.А, Шакеров Х.Н, Ақбакирова Г.Ө.)

ІІ жүргізуші:  Жыл қорытындысы бойынша мектепте өткізіліп жатқан  іс-шараларда белсене атсалысқан, «Үздік сабақ-2019» байқауында казіргі  заманауи сабақтың жаңаша түрлерін тиімді қолданған,  зерттеу сабақтарында  жақсы   нәтиже көрсеткен, ұстаздарымызға «Шығармашыл ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Ізденімпаз ұстаз», «Жаңашыл ұстаз», «Креативті ұстаз», «Эрудит ұстаз» номинациялары бойынша марапттау  мектеп директоры Ақшолақова Рахила Молдағалиқызына беріледі.


І жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде  білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қомпыш Айзат марапатталады.

ІІ жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде  білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Ұлағатты  ұстаз» номинациясымен  бастауыш сынып   мұғалімі Иманкалина Анар Калибековна  марапатталады.

І жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде   білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Ізденімпаз  ұстаз» номинациясымен  математика пәнінің    мұғалімі  Құлжабекова Айгерім Жақсыгелдіқызы марапатталады.

ІІ жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде  білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Жаңашыл  ұстаз» номинациясымен  бастауыш сынып   мұғалімі Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы марапатталады.

І жүргізуші:2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде  білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Креативті  ұстаз» номинациясымен технология пәнінің мұғалімі Джурумбаева Қарлығаш Рахымжанқызы  марапатталады.

ІІ жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Дара бала- дана бала» атты фестивалінде  білім саласындағы  жоғары жетістіктері үшін «Эрудит ұстаз» номинациясымен физика пәнінің мұғалім Құдайбергенов Мирас Алмасұлы  марапатталады.

Барлық жеңімпаздарымыздың құрметіне Зәрутай Темірланның әдемі ән шашуын қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Дарынды оқушыларды тәрбиелецтін ұстаз болса, мектеп –  кәсіби шебер,   талантты жаңашыл ұстаздарды қалыптастыратын шеберхана. Олай болса 2018-2019 оқу жылында «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында» оқушылары ең үздік нәтиже көрсеткені үшін «Үздік ұжым»  дипломымен «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-нің   ұжымы марапатталды.


ІІ жүргізуші: 2016-2019 оқу жылдарында  сабақты зерттеу әрекеті бойынша  мектеп ұжымының облыстық тәжірибе алаңындағы атқарған 3 жылдық жұмыс қорытындысы бойынша  «Назарбаев зияткерлік  мектептері дербес білім беру ұйымы Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығы мен   Алматы облыстық білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығы мен бірлескен «Зерттеу-10» облыстық  пилоттық жоба аясында»  №22 орта мектептің «Зият» зерттеу тобы үздік зерттеу тобы болып танылды. 


І жүргізуші: Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығы мен  Алматы облыстық білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығы мен бірлескен «Табысты мектеп- табысты басшы» жоба аясында өткізілген облыстық  мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер- сынып   тәжірибе алаңында  мектеп басшысы Ақшолақова Рахила Молдағалиқызы І  орын иеленді.


ІІ жүргізуші: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша «Дарынды бала- дара бала» фестивалінде дарынды оқушылар атынан  сөз кезегі  «Жылдың үздік оқушысы»  10 сынып оқушысы Құттыбаев Әділге беріледі.

(Сөз сөйлеп өз туындысын оқиды)

Бұл Әділдің сөзі: Құрметті ұстздар, қонақтар, ата-аналар және оқушылар  бүгінгі біздің «Дарынды бала – дара бала» атты фестивалімізге келгендеріңізге мектебіміздің намысын қорғап жүрген   дарынды, талантты оқушыларымыздың   атынан   рахмет айта келе өз туындымды арнаймын. 


І жүргізуші:  Алматы облысының  каратэ федерациясының  жаттықтырушысы  Кузхбосынов Жасұлан Серікұлының блыстық карэте жеңімпаздарының   ортаға шақырайық.

(карэте шығып көрініс көрсетеді)


ІІ жүргізуші:Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген  ұстаздарына, әкелеріне, аналарына, әжелеріне, аталарына қамқор, зерек, шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

 Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

 Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

 Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Жақсы шәкірт Азамат атанады.

Халқынан , ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырамыз  ата- ананы – дей келе, жеткіншек  ұрпаққа  аманат   ретінде,   бата  беру   ауыл  ақсақалы Амантай атаға беріледі.

 І -жүргізуші:

 Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым! 

Барлық «Дарын-2019» фестивалінің   қонақтарына, жеңімпаздарына, ұстаздарымызға  арналған «Алтын ұя мектебім» ән шашуын қабыл алыңыздар.

ІІ-жүргізуші:    Осымен, бүгінгі    «Дарынды бала – дара бала» атты  «Дарын-2019»  фестивалін   жабық деп   жариялаймыз!

 Тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!