«Өлкетану» /5-7 сыныптарда/, ӨҚН /10-11 сыныптарда/ курстарын кіріктіріп оқытылу жағдайын тексеру » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өлкетану» /5-7 сыныптарда/, ӨҚН /10-11 сыныптарда/ курстарын кіріктіріп оқытылу жағдайын тексеру
17
февраль
2022

«Өлкетану» /5-7 сыныптарда/, ӨҚН /10-11 сыныптарда/ курстарын кіріктіріп оқытылу жағдайын тексеру



«Өлкетану» /5-7 сыныптарда/, ӨҚН /10-11 сыныптарда/ курстарын кіріктіріп оқытылу жағдайын тексеру қорытындысы.


2021-2022 оқу жылының 11 ақпандағы №52 мектепішілік бұйрық негізінде «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында 15-17 ақпан күндері «Өлкетану» сағаттарын география, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка пәндерінде және «Өмір қауіпсіздік негізі» сағаттарын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерде кіріктіріп оқытылуын тесеру туралы бұйрық шағарылып, төмендегі комиссия мүшелері бекітілді:

  1. Р.Акшолакова – мектеп директоры, комиссия төрайымы;
  2. Ж.Шаекенова – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  3. Г.Нүсіпова – директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары;
  4. А.Садбаева – мектеп үйлестірушісі;
  5. А.Баймуханова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

«Өлкетану» - «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу курсы және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді. 

Курстың мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқада факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады. 

Оқу пәнінің міндеттері: 

  • Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка пәндері сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
  • ежелгі дәуірден бастап кәзіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері  туралы білім қалыптастыру;
  •  туған өлкенің табиғи байлықтары мен дәстүрлі қолөнері, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандары, әдеби мұралары туралы білімдерін кеңейту.

5 сыныпта:

  1. «Қазақстан тарихы» – 4 сағат;
  2. «Музыка» - 1 сағат.

5 сыныптағы курстың базалық мазмұны- туған өлкенің аңыз- ертегідері, біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер, өмірдің тарихи тұлғалары( билер, батырлар мен палуандар), жәдігерлер сыр шертеді, туған өлке симфониясы.

6 сыныпта:

  1. Қазақстан тарихы -4 сағат;
  2. Қазақ әдебиеті  - 2 сағат;
  3. Музыка  - 1 сағат.

6 сыныптағы курстың базалық мазмұны- топонимдер- өткен заманның куәгерлері, мәдени- тарихи дәстүрді сақтаушылар, өлкенің ұлттық қолөнері, Бір л- бір тағдыр, туған өлке тарихының тірі куәгерлері, өлкені сипаттау өнері, туған жердің таланттары.

7 сыныпта:

  1. Қазақстан тарихы – 4 сағат;
  2. География – 2 сағат.

7 сыныптағы курстың базалық мазмұны-  туристік маршруттар,жомарт жүрек, туған өлкемнің жадынамасы, менің мектебімнің тарихы, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, менің өлкемнің визит карточкасы.

5, 6, 7 - сыныптарда «Өлкетану» материалдарын пән мұғалімдерінің  Н.Қасымова, А.Садбаева, Е.Өскембаев, Г.Ақбакирова, А.Компыш, М.Оспанова, Т.Сейсембай, А.Мақажанова, Э.Жакбаева КТП жоспарларына  2,3,4 тоқсандарға  енгізіп, бекітілген.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері  туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

1)        әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

2)        әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;

3)        қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

4)        жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

5)        әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста тәрбиелеу.

«Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс- шаралармен таныстырады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда

«Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

10 сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды өмір сүру- ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуЖарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері.

 «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

10-11 -сыныптарда «Өмір қауіпсіздік негіздері» курсын  пән мұғалімі Марат Турысбеков КТП жоспарларына  2,3,4 тоқсандарға  енгізіп, бекітілген.

Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді. 

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім кез келген білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтану және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады. 

Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады. 


Ұсыныс:

  1. «Өлкетану» курсы - «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География», «Музыка» оқу пәндерінің аясында оқытылатындықтан КТЖ көрсетілгендей өткізілсін.
  2. ӨҚН курстарын оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері басшылыққа алынсын.