Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы
16
сентябрь
2022

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы

Кітап-білім бұлағы, білім –өнер шырағы 
Бұл қастерлі- кітапхана,
Мұнда бары кітап қана,

Ғылым іздеп келгеннен соң,
 Алаңдама кітап қара.

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы, білімнің шуағы.  Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Ал, кітап – бұл өмір ұстазы. Сондықтан біз кітап оқуды үйреніп, күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. 
Осы мақсатта мектепалды даярлық «А» және «Ә» сынып білім алушыларын мектепалды даярлық сынып жетекшілері: Кажиякпарова Бақыт Шайзадақызы және Калипанова Қымбат Тоқтарғалиқызы  мектеп кітапханасымен таныстырып «Кітап-білім бұлағы, білім –өнер шырағы» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Мектеп кітапханашысы Искакова Әния Иембергенқызы білім алушыларды ерекше жылулықпен қарсы алды. Кішкентай балапандарға  «Ертегілер себетін » ұсынды. Әр ертегі өзінше бір жұмбақ. Ертегі оқу арқылы балалардың ойлау жүйесі өзгеріп , сөздік қоры молайып,сөйлеу мәдениеті өседі. Осылайша кішкентай бүлдіршіндер Әния Иембергенқызына алғыстарын жаудырып ерекше көңіл –күймен қайтты.