«Дарын -2023» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2023

«Дарын -2023»

«Жетісу облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің  жергілікті кәсіподағы» ҚБ  төрағасы Мэлс Кулмуханович Толепбергенов және  «Жетісу  жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы мектеп директоры Байсова Ляйля Жанатқызының қатысуымен 24 мамыр күні мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған талантты, дарынды оқушыларды ұлықтау және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынды аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау, жылдың дарынды оқушыларын марапаттау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Жұлдыздар шеруі» атты «Дарын -2023» жетістіктер фестивальі өткізілді. Фестивалдің алғашқы құттықтау сөзімен бастаған мектеп директоры Ляйля Жанатқызы оқушыларымен бірге өздері де тынымсыз еңбек етіп, үздіксіз ізденетін, білімге деген талап ,ынта,құштарлық отын жағатын абзал жанды ұстаздар, мектеп өміріне белсене ат салысатын ата-аналарды  Алғыс хатпен марапаттады.  «Мектептің үздік мұғалімі-2023» номинациясы  математика пәні мұғалімі Кульжабекова Айгерім Жаксыгельдиевнаға,
«Үздік зерттеуші мұғалім -2023» номинасиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қомпыш Айзат,
«Үздік шығармашыл ұстаз-2023» номинациясы биология пәні мұғалімі Бөкенова Гүлназ Жанатқызына,
«Үздік сынып жетекші-2023» номинациясы 9 ә сынып жетекшісі Бауберикова Меруерт Тлектесовна,
«Үздік бірлестік-2023» номинациясы «Елтану» бірлестігіне беріледі. Бірлестік жетекшісі тарих пәні мұғалімі Садбаева Айжан Саятқызы.
«Үздік ата-ана-2023» номинациясы ата-ана Жұмахан Нұркүлаш
Мектеп мұғалімдеріне ата-аналарға оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!