№1 Педагогикалық кеңес
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы
бар №22 орта мектеп» КММ
Қатысқан мұғалімдер саны: 58 Өткізген күні: 31.08.2021 ж
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:9
№1 Педагогикалық кеңестің тақырыбы:
Сараптау, саралау арқылы тиімді жоспарлау – білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру мен нәтижелі білім беру кепілі
Педагогикалық кеңестің мақсаты:
Жалпы білім беру мен оқу үрдісіне талдау жасау арқылы сәтті, сәтсіз тұстарды айқындау. Өткен оқу жылындағы жұмыстарды зерделеу арқылы білім беру үрдісіне қатысушылар мен педагогикалық ұжымның алдындағы басым бағыттарды айқындау. Ағымдағы оқу жылының мақсат, міндетін айқындау, оқу- тәрбие жоспарын бекіту, мектептің ішкі ережесіне өзгерістер енгізу.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
№ | Қаралатын мәселелер тақырыбы | Жауаптылар |
1. | Қамқоршылық кеңесінің құрамы мен келісім комиссиясының мүшелерінің қатысуымен қатысуымен 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған оқу-тәрбие үрдісі бойынша жұмыстарға қорытынды сараптама . Жаңа оқу жылының басым бағыттарын айқындау, мақсаттары мен міндеттері мен басқарудың инновациялық үлгісін және мектептің даму жоспарын бекіту. | Р.Ақшолақова |
2. | 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру ; - типтік оқу жоспарларын бекіту; - мектеп оқушыларының контингенті (өзгерістерімен); - сыныптарды топтастыру, сынып жетекшілерді бекіту; - мұғалімдердің оқу жүктемесін бекіту; - тарификациялық комиссия құрамын бекіту; - оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы; - «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру туралы. - педагогикалық әдістемелік кеңес құрамын, әдістемелік пән бірлестігін құру және жетекшілерін тағайындау, «Жас мамандар» мектебін құру және тәлімгерлер бекіту. | Р.Ақшолақова Ж.Шаекенова |
3. | Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды таныстыру. БҒМ-нің 31.08.2021 ж. №444 бұйрығы | Ғ.Ақшолақова Г.Нүсіпова |
4. | 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процессін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. | Р.Ақшолақова Г.Нүсіпова |
5. | Г.Нүсіпова | |
6. | А.Садбаева |